«KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу жер учаскесіне жария сервитутын белгілеу туралы» Алға ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 238 қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 маусым 2024 ж.

    «KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу жер учаскесіне жария сервитутын белгілеу туралы» Алға ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 238 қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Жер Кодексінің 14-1 бабының 3 тармағын, және 81-бабының 3-тармағындағы 2-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, «KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің хаты негізінде, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Алға ауданы аумағынан жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерді алып қоймастан, жалпы көлемі: 192 756 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы Алға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 238 қаулысының күші жойылған деп танылсын.

    2. «Ақтөбе облысы, Алға аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ (М.К.Идрисов) жер есебі құжаттарына өзгертулер енгізілсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    Аудан әкімінің м. а

    Б. Кангужин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.