«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 маусым 2024 ж.

    «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:

    2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), оның ішінде мамандандырылған білім беру ұйымдары:

    1) білім беру деңгейі бойынша:

    бастауыш мектеп;

    негізгі орта мектеп;

    жалпы орта білім беретін мектеп;

    2) оқыту бейіні бойынша:

    гимназия;

    лицей;

    бейіндік мектеп (жоғары мектеп);

    3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша:

    шағын жинақты мектеп;

    тірек мектеп (ресурстық орталық);

    түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп;

    кешкі мектеп;

    девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;

    ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымы;

    аурухана жанындағы мектеп;

    арнайы мектеп;

    4) халықаралық:

    халықаралық мектеп;

    5) интернаттық ұйымдар:

    мектеп-интернат;

    әскери мектеп-интернат;

    жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;

    тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;

    санаториялық мектеп-интернат;

    арнайы мектеп-интернат;

    6) біріктірілген:

    «мектеп-бөбекжай» кешені;

    «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені;

    «бастауыш мектеп-бөбекжай-балабақша»;

    арнайы «мектеп-балабақша»;

    арнайы кешен «балабақша-мектеп-интернат»;

    мектеп-гимназия;

    мектеп-лицей;

    қосымша білім беретін мектеп-орталығы;

    мектеп-интернат-колледж;

    арнайы кешен «мектеп-интернат-колледж»;

    оқу-сауықтыру орталығы (кешен);

    оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);

    оқу-тәрбие орталығы (кешен);

    оқу орталығы;

    дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы;

    қыздар мектеп-гимназиясы;

    7) мамандандырылған білім беру ұйымдары:

    мамандандырылған мектеп;

    мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);

    мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп - гимназия);

    мамандандырылған мектеп-интернат;

    мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;

    мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;

    мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;

    мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж);

    мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі);

    мамандандырылған әскери мектеп - интернат;

    «Білім-инновация» лицей-интернаты;

    мамандандырылған мектеп-кешен;

    мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі;

    мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі.»;

    мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:

    «12. Арнайы білім беру ұйымдары:

    психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация;

    оңалту орталығы;

    психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті;

    аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы;

    логопедтік пункті.».

    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы

    Е. Оспан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.