Ескелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 367 «Ескелді ауданының шалғай елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібі мен схемаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 367 «Ескелді ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №98997 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескелді ауданының әкімі
Е. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.