Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 19 маусым 2024 ж.
«Абай облысы Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК қазандығында техногендік сипаттағы объектілік масштабты төтенше жағдай жариялау туралы» Семей қаласы әкімінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, қала әкімі ШЕШТІ:
1. «Абай облысы Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК қазандығында техногендік сипаттағы объектілік масштабты төтенше жағдай жариялау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184996 болып тіркелген) Семей қаласы әкімінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 8 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Н. Нұрсағатов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.