«Босқын мәртебесін беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 маусым 2024 ж.

    «Босқын мәртебесін беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27506 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидаларында:

    1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    С. Жакупова

    2024 жылғы 18 маусымдағы

    № 198 бұйрығына

    қосымша

    Босқын мәртебесін

    беру туралы өтінішхатты тіркеу

    мен қараудың қағидаларына

    1-қосымша

    кімге_______________________

    (ХЖҚЖАО басшысының

    лауазымы, тегі және

    аты-жөні)

    __________________________

    кімнен___________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар

    болған жағдайда))

    ____________________________

    (қай мемлекеттің) ____________

    азаматы уақытша тұратын

    адамның тұрақты

    тұрғылықты жері

    ___________________

    ____________________________

    (мекенжайы)

    отбасы құрамында ____ адам

    Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат

    Маған және менің отбасымның мүшелеріне Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беруді сұраймын. Тұратын жерімнен мына себептер бойынша кетуге мәжбүрмін: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Туған күні және жері ____________________________________________ Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) ___________________________ Ұлты (этникалық тиесілігі) ________________________________________ Мынадай тілдерді білемін ______________________________________ Қазақстан Республикасына келу күні _______________________________ Заңды (заңсыз) келді ____________________________________________ Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын растайтын құжаттар ____________________________________________ (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) Менімен бірге келген отбасымның мүшелері:

    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
    Туған күні
    Туыстық дәрежесі

    Бұдан бұрын Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен жүгіндіңіз бе) Егер жүгінсеңіз, органды көрсетіңіз ___________________________________________________ ____________________________________________________ _____________________ ______________________________ (өтініш беру күні)(пана іздеген адамның қолы) Өтінішхатты қабылдаған ХЖҚЖАО-ның қызметкері _________________ ____________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) (күні) Өтінішхатты тіркеу туралы шешім: Тіркелді ___________________________________________________________________ (күні, тіркеу нөмірі, қызметкердің қолы) _______________________

    «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтар мен міндеттермен таныстым. Менің және отбасы мүшелерімнің дербес деректерін жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін. ____________________________________ (қолы) (шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның Т.А.Ә. (бар болса) (күні)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.