«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 маусым 2024 ж.

    «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31915 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 235-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 235-21) тармақшасына сәйкес әзірленді және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілікті беру тәртібін айқындайды.»;

    6-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 702 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12425 болып тіркелген) бекітілген Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не өз құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық қорытындысы.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Алдын ала тізбеге енгізілген орта білім беру объектісінің сипаттамалары өзгерген не оны Алдын ала тізбеден алып тастау қажет болған кезде ЖАО уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді.»;

    23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Бұрын бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған және азаматтық-құқықтық мәмілелері аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелген объектілерді қоспағанда, құрылысы Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын орта білім беру объектілері бойынша басқа көздер есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.»;

    32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «32. ЖАО тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Уәкілетті органға әрбір жоба бөлінісінде қаражатты игеру (құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жобаны басқаруға, авторлық және техникалық қадағалауға арналған шығыстар бөлінісінде), орындалған жұмыстардың көлемі, объектінің дайындығы, объектіні пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі, құрылған уақытша жұмыс орындарының саны туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қор шотының қаражатын пайдалану туралы есепті ұсынады.»;

    көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы

    Е. Оспан

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігі

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 19 маусымдағы

    № 150

    бұйрығына қосымша

    Білім беру инфрақұрылымын қолдау

    қорының қаражатын бөлу, жұмсау,

    мониторингтеу және

    есептілігі қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Уәкілетті органға ұсынылады.

    Әкімшілік деректер нысаны www.edu.gov.kz интернет-ресурсындаа орналастырылған

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотының қаражатын пайдалану туралы есеп

    Есепті кезең: ______тоқсан _______жыл

    Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1 – (ИО)

    Кезеңділігі: тоқсан сайын

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдар

    Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: – тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде

    № п/п
    Ин­ве­сти ци­я­лық жо­ба­ның ата­уы
    Тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­нің және жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ның ве­дом­ст­во­дан тыс ке­шен­ді са­рап­та­ма­сы­ның  № және қо­ры­тын­ды кү­ні
    Құ­ры лыс тың сме­та лық құ­ны (мың тең­ге)
    Өнім бе­ру ші­мен жа­сал ған шарт тың №, кү­ні, айы, жы­лы
    Шарт бой ын­ша құ­ны (мың тең­ге)
    Өнім бе­ру­ші
    Өнім бе ру­ші­нің биз­нес сәй­кес тін­ді­ру нө­мі­рі
    Қор қа­ра жа­тын үнем­деу (мың тең­ге)
    Оның ішін­де:
    Тө­лен­ген мін­дет
    те­ме­лер со­ма­сы (мың тең­ге)
    Шарт бой­ын­ша тө­лен­бе ген мін­дет­те ме­лер­дің қал­ды­ғы (мың тең­ге)
    % ны­сан ның дай­ынды­ғы
    қор дың қа ра жа ты есе­бі нен
    жер­гі­лік­ті бюд жет есе­бі­нен
    мем­ле кет­тік са­тып алу нәти­же ле­рі бой­ын ша үнем­деу (мың тең­ге)
    бас­қа­лай үнем­деу (мың тең­ге)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15

    Әкім (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) ___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Мөр орны

    Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы

    функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның басшысы___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Мөр орны

    Қаржы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын

    жергілікті атқарушы органның басшысы ____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Мөр орны

    Ескертпе: «Білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотының қаражатын пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген.

    «Білім беру инфрақұрылымын қолдау

    жөніндегі жергілікті атқарушы орган

    шотының қаражатын пайдалану туралы

    есеп» әкімшілік деректерді жинауға

    арналған нысанға қосымша

    «Білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотының қаражатын пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

    Индексі: 1 – (Білім беру инфрақұрылымы)

    Жиілігі: тоқсан сайын

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша осы түсініктеме жергілікті атқарушы органдардың білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шотының қаражатын пайдалану туралы есебін жасауға және ұсынуға арналған.

    2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық таңбасыз мың теңгемен толтырылады.

    3. Есепке облыс әкімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның басшысы және қаржы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын басшы қол қояды. Есеп уәкілетті органға электрондық нұсқада ұсынылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

    4. 1-бағанда инвестициялық жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;

    5. 2-бағанда инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі;

    6. 3-бағанда техникалық-экономикалық негіздеменің және жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының № және қорытынды күні көрсетіледі;

    7. 4-бағанда құрылыстың сметалық құны көрсетіледі;

    8. 5-бағанда өнім берушілермен жасалған шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;

    9. 6-бағанда қор қаражаты есебінен шарт бойынша құны көрсетіледі;

    10. 7-бағанда жергілікті бюджет есебінен шарт бойынша құны көрсетіледі;

    11. 8-бағанда өнім берушінің атауы көрсетіледі;

    12. 9-бағанда өнім берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

    13. 10-бағанда қаражаттың үнемделуі көрсетіледі;

    14. 11-бағанда Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу көрсетіледі;

    15. 12- бағанда өзге де үнемдеу көрсетіледі;

    16. 13-бағанда төленген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі; 17. 14-бағанда шарт бойынша төленбеген міндеттемелердің қалдығы көрсетіледі;

    18. 15-бағанда орта білім беру объектісінің дайындық пайызы көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.