«Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларында:
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«73. Өтінім сараптама ұйымының кеңсесі, сараптама ұйымының сайты немесе Портал арқылы беріледі. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі, тауар шығарылған жердің атауы Заңның 29-бабында белгіленген.
Тауардың географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде айқындалатын оның сапасының, беделінің және (немесе) өзге де сипаттамаларының сипаттамасын растайтын құжатты немесе құжаттарды Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар береді.
Географиялық нұсқаманы, тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) географиялық нұсқаманы тіркеуге, тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге өтінім осы Қағидалардың 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Қағаз тасығыштағы өтінім екі данада беріледі.»;
4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Тауар белгілеріне, қызмет
көрсету белгілеріне,
географиялық нұсқамаларға
және тауар шығарылған
жерлердің атауларына арналған
өтінімдерге сараптама жүргізу
қағидаларына 4-қосымша».
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі
А. Ескараев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.