«Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 06/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 маусым 2024 ж.

    «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы №06/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 06/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26778 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Қарағанды қаласының аумағында инватакси қызметіттерін алушылардың санаттары келесі тұлғалардың санаттарымен кеңейтілсін:

    1) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;

    2) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар;

    3) Даун синдромы бар мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар.».

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарағанды қаласының әкімі

    М. Кожухов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.