«Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 маусым 2024 ж.

    «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Саран қалалық мәслихатының «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6578-09 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

    1-қосымшаның 5 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

    «5. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде әр адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр және көп дегенде 18 (он сегіз) шаршы метр пайдалы алаң, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме мөлшеріндегі аудан нормасы қабылданады.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Саран қалалық мәслихатының төрағасы

    О. Баймаганбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.