«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 маусым 2024 ж.

    Қазақстан Республикасының

    Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң

    жинағында жариялануға тиiс

    «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығында:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеде:

    21-тармақта:

    16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «16) Мемлекеттік күзет қызметі ведомствосының, құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелерінің ережелерін (жарғыларын), құрылымы мен штатын бекітеді;»;

    мынадай мазмұндағы 93-5) және 93-6) тармақшалармен толықтырылсын:

    «93-5) жоғары әскери, арнаулы оқу орындарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;

    93-6) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;».

    2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Қ. Тоқаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.