Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидалары бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қаңтар 2024 ж.

    Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидалары бекіту туралы

    «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мелекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

    4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

    В. Школьник

    «КЕЛІСІЛЕДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Инвестициялар және даму министрі

    _________________ Ә. Исекешев

    12 ақпан 2016 жыл

    «КЕЛІСІЛЕДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ішкі істер министрі

    _________________ Қ. Қасымов

    19 ақпан 2016 жыл

    «КЕЛІСІЛЕДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

    төрағасы

    _________________ В. Жұмақанов

    18 ақпан 2016 жыл

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрінің

    2016 жылғы 9 ақпандағы

    № 52 бұйрығымен

    бекітілген

    Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидалары

    1-тарау. Жалпы қағидалар

    1. Осы Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидалар алып қою деңгейінен жоғары иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге тиісті лицензиясы бар және/немесе сақтау пункттерін пайдаланатын заңды тұлғаларға таралады.

    3. Қағидалардың күші электрофизикалық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз етуге қолданылмайды.

    4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

    1) араласуды индикациялау жабдығы (құрылғысы) – жеке сәйкестендіргіші, сәйкестендіру тәсілі бар, оның тұтастығын бұзбай немесе тіркеуге болатын бір (бірнеше) параметрлерді өзгертпей шешуге және қайта пайдалану мүмкіндігінен қорғалған және иондандырушы сәулелену көздеріне рұқсатсыз қол жеткізуді анықтауға арналған техникалық құрылғы;

    2) дабыл-шақыру сигнал беру – осы объектіні күзетуді жүзеге асыратын адамдарға рұқсат етілмеген әрекеттер жасалғаны туралы дабыл сигналдарын беруге арналған техникалық құрал;

    3) диверсия – иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде тікелей немесе жанама түрде бұзушылыққа және (немесе) радиациялық аварияға әкелуге ықпал ететін иондандырушы сәулелену көздеріне қатысты кез келген қасақана әрекет;

    4) екі (үш) адам қағидаты – рұқсатсыз әрекет жасау мүмкіндігін азайту үшін жұмыс орнында немесе бір үй-жайда кемінде екі (үш) адамның бір мезгілде болу талабына негізделген (үй-жайларды ашуды және күзетке тапсыруды қоса алғанда) топтық жұмыс қағидаты;

    5) иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу – иондандырушы сәулелену көздерін дайындау, жеткізу, алу, иелену, сақтау, пайдалану, беру, өңдеу немесе көму, импорттау, экспорттау, тасымалдау, техникалық қызмет көрсетуге байланысты қызмет;

    6) иондандырушы сәулелену көздерін және (немесе) сақтау пункттерін физикалық қорғау жүйесі – иондандырушы сәулелену көздерін және (немесе) сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етуге арналған ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шаралар кешені;

    7) күзет және ден қою күштері – рұқсатсыз алып қою әрекетіне немесе диверсия әрекетіне қарсы іс-қимыл жасау үшін жарақтандырылған және оқытылған бөлімшелер, сондай-ақ бар лицензияларды ескере отырып осындай функцияларды орындайтын ведомстводан тыс күзет бөлімшелері;

    8) орталық басқару пункті – дабыл сигнал берудің толық және үздіксіз мониторингін, сигналдарды бағалауды және осы объектіні қорғауды жүзеге асыратын адамдармен, сондай-ақ объектінің басшылығымен байланысты қамтамасыз ететін физикалық қорғау жүйесі операторының жұмыс орны;

    9) рұқсатсыз етілмеген әрекет – диверсия немесе иондандырушы сәулелену көздерін рұқсатсыз алып қою, тыйым салынған заттарға рұқсатсыз қол жеткізу, өткізу (алып өту), физикалық қорғау құралдарын істен шығару әрекетін жасау немесе жасауға әрекеттену;

    10) сараланған тәсіл – бұл бұзушылардың зиянды әрекеттерінің ықтимал салдарына пропорционалды түрде физикалық қорғаныс шараларын қолдану;

    11) тасымалдауды басқару пункті – тасымалдау кезінде жүк қауіпсіздігінің физикалық жай-күйін үздіксіз спутниктік мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету пункті;

    12) физикалық қорғаныс деңгейі – иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау орындарын физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар жиынтығы;

    13) физикалық қорғау жоспары – физикалық қорғау жүйесінің элементтерін, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық компоненттерді басқару жүйесін және иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде физикалық қорғау рәсімдерін белгілейтін және сипаттайтын құжат;

    14) физикалық қорғаудың инженерлік құралдары – физикалық қорғау мәселелерін шешуде тиімділікті арттыруға арналған инженерлік және инженерлік-құрылыс ғимараттары, оның ішінде физикалық кедергілер;

    15) физикалық қорғаудың техникалық құралдары – физикалық қорғау жүйесінің құрамына кіретін, конструктивті аяқталған, аппараттық-бағдарламалық функцияларды дербес атқаратын құрылғылар;

    16) физикалық тосқауыл – кіруді кешіктіруді қамтамасыз ететін және кіруді бақылау шараларын толықтыратын бөгеуші инженерлік құрылыс немесе құрал.

    Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

    2-тарау. Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау тәртібі

    5. Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау физикалық қорғау деңгейін ескере отырып саралап белгіленеді және ұйымдастыру және техникалық шаралардың жиынтығын білдіреді.

    6. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғауды пайдаланушы ұйымның басшысы қамтамасыз етеді. Иондандырушы сәулелену көздерін және (немесе) сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін физикалық қорғау жүйесі құрылады.

    7. Пайдаланушы ұйым өз қызметі шеңберінде уәкілетті органға иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы хабарлайды.

    8. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғау:

    1) рұқсатсыз алып қою, ұрлау немесе заңсыз басып алудан қорғауды;

    2) диверсиядан қорғауды;

    3) ықтимал диверсияның радиологиялық салдарын жеңілдетуді немесе барынша азайтуды қамтамасыз етеді.

    9. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғау жүйесі мынадай функцияларды орындайды:

    1) рұқсат етілмеген әрекеттердің алдын алу;

    2) рұқсат етілмеген әрекеттерді немесе олардың белгілерін уақтылы анықтау;

    3) бұзушылардың кіруін (ілгерілеуін) кідірту (баяулату);

    4) рұқсат етілмеген әрекеттерге ден қою.

    10. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, физикалық қорғаудың үш деңгейі белгіленеді:

    1) физикалық қорғаудың «A» деңгейі – иондандырушы сәулелену көздеріне рұқсатсыз қол жеткізуді, алып қоюды немесе диверсияны болдырмауды қамтамасыз етеді;

    2) физикалық қорғаудың «В» деңгейі – иондандырушы сәулелену көздерін рұқсатсыз алып қою мүмкіндігін минимумға дейін азайтуды қамтамасыз етеді;

    3) физикалық қорғаудың «С» деңгейі – иондандырушы сәулелену көздерін рұқсатсыз алып қою мүмкіндігін азайтуды қамтамасыз етеді.

    11. Радионуклидті көздердің қауіптілігі 1-санаттағы иондандырушы сәулелену көздері физикалық қорғаудың «A» деңгейіне жатады, радионуклидті көздердің қауіптілігі 2-санаттағы иондандырушы сәулелену көздері физикалық қорғаудың «В» деңгейіне жатады, ал радионуклидті көздердің қауіптілігі 3-санаттағы иондандырушы сәулелену көздері физикалық қорғаудың «С» деңгейіне жатады.

    12. Физикалық қорғау деңгейі:

    1) орналасуы ықшам болып табылатын (бір бөлменің, қаптаманың шегінде шоғырланған) бірнеше иондандырушы сәулелену көздері үшін иондандырушы сәулеленудің барлық көздерінің жиынтық белсенділігін ескере отырып, физикалық қорғаудың ең жоғары деңгейі бойынша айқындалады;

    2) өндіріс ерекшелігіне байланысты объект аумағында бірнеше жерде орналастырылған, аумақтық бөлінген бірнеше жеке стационарлық иондандырушы сәуелелену көздері үшін иондандырушы сәулеленудің әрбір көзі үшін жеке айқындалады;

    3) радионуклидті көздердің қауіптілігі 1-санаттағы жеке иондандырушы сәуелелену көздері үшін физикалық қорғаудың «В» деңгейіне таңдалады;

    4) сақтау пункті үшін физикалық қорғаудың «А» деңгейіне таңдалады.

    13. Физикалық қорғаудың «А», «В» және «С» деңгейлеріне арналған физикалық қорғау шаралары осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

    14. Радионуклидті көздер қауіптілігінің 3 санатынан төмен иондандырушы сәулелену көздерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін пайдаланушы ұйым рұқсатсыз алып қою және қол жеткізуге қарсы шаралар көздейді.

    15. Жердегі, әуе көлігінің барлық түрімен және су жолымен тасымалдау кезінде иондандырушы сәулелену көздерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін көлік құралында (ішінде) орналасқан радионуклидті көздердің қауіптілік санатына байланысты физикалық қорғаудың үш деңгейі және тиісті физикалық қорғау шаралары белгіленеді, радионуклидті көздер қауіптілігінің 1-санатындағы иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың «А» деңгейіне белгіленеді, радионуклидті көздер қауіптілігінің 2-санатындағы иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың «В» деңгейіне белгіленеді, радионуклидті көздер қауіптілігінің 3-санатындағы иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың «С» деңгейіне белгіленеді.

    16. Тасымалдау кезіндегі физикалық қорғау деңгейі иондандырушы сәулеленудің барлық көздерінің жиынтық белсенділігін ескере отырып физикалық қорғаудың ең жоғары деңгейі деңгейі бойынша анықталады:

    1) ықшам орналасқан (бір көлік құралының шегінде шоғырланған);

    2) бірнеше автомобильдердің (колоннаның) немесе бірнеше вагондардың (эшелонның) құрамында немесе кеменің бірнеше бөліктерінде.

    17. Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың «А», «В» және «С» деңгейлеріне арналған физикалық қорғау шаралары осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

    18. Физикалық қорғау жүйесін басқару мынадай шараларды қамтиды:

    1) иондандырушы сәулелену көзінің орналасқан жеріне және құпия ақпаратқа сүйемелдеусіз рұқсат берілген персонал үшін ғана иондандырушы сәулелену көзінің орналасқан жеріне рұқсатты қамтамасыз ететін кіруді басқару;

    2) персоналды тану бойынша сәйкестендіру және тексеру, құлыптардың болуы, кілттерді бақылау;

    3) Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғау жоспарын әзірлеу. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғаудың үлгі жоспары осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген;

    4) Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғау жоспарын әзірлеу. Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың үлгі жоспары осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.

    3-тарау. Рұқсатсыз кіруге, алып қоюға немесе диверсияға байланысты оқиға туралы хабарлау тәртібі

    19. Жоғалту, нақты рұқсатсыз қол жеткізу немесе қол жеткізуге әрекет, рұқсатсыз алып қою немесе диверсияға байланысты оқиға болған жағдайда, пайдаланушы ұйым немесе тасымалдау кезінде иондандырушы сәулелену көздерін физикалық қорғауды қамтамасыз ететін ұйым:

    1) жағдайды түзету үшін дереу әрекет етеді;

    2) бір сағат ішінде уәкілетті органды, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етеді;

    3) жетпіс екі сағат ішінде оқиғаны, оның себептерін, мән-жайлары мен салдарын тергеп-тексеруді жүргізеді;

    4) бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға оқиғаның себептері, оның мән-жайлары мен салдары туралы, сондай-ақ қабылданған немесе қабылданатын түзету шаралары туралы есеп береді.

    Иондандырушы сәулелену көздерін

    және сақтау пункттерін физикалық

    қорғау қағидаларына

    1-қосымша

    Физикалық қорғаудың «А», «В» және «С» деңгейлеріне арналған физикалық қорғау шаралары

    Р/с №
    Фи­зи­ка­лық қор­ғау жүй­е­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар
    Фи­зи­ка­лық қор­ғаудың дең­гей­ле­рі
    «А»
    «В»
    «С»
    1.
    Ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі мен сақ­тау пункт­те­ріне қа­ты­сты рұқ­сат етіл­ме­ген әре­кет­тер­ді анық­тау:
    - ғи­ма­рат­тың кү­зет даб­ы­лы жүй­е­ле­рі (те­ре­зе және есік ой­ық­та­ры, үй-жай­лар­дың кө­ле­мі);
    +
    +
    +
    - рұқ­сат­ты ба­қы­лау және бас­қа­ру жүй­е­ле­рі;
    +
    +
    - бей­не­ба­қы­лау және жағ­дай­ды ба­ға­лау жүй­е­ле­рі;
    +
    +
    +
    - ара­ла­су­ды ин­ди­ка­ци­я­лау жабды­ғы (құ­ры­л­ғы­сы);
    +
    +
    +
    - даб­ыл-ша­қы­ру сиг­нал бе­ру жүй­е­сі (ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі ор­на­лас­қан жер­ден даб­ыл сиг­на­лын бе­ру);
    +
    +
    - екі фи­зи­ка­лық тосқа­уыл;
    +
    +
    - бір фи­зи­ка­лық тосқа­уыл (кон­тей­нер, қап­та­ма неме­се се­нім­ді бе­кіт­пе­лер);
    +
    - пер­со­нал­ды ба­қы­лау.
    +
    +
    +
    2.
    Кү­зет және ден қою кү­ш­те­рі­мен үз­дік­сіз бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету:
    - се­нім­ді бай­ла­ныс құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну (те­ле­фон­дар, ұя­лы те­ле­фон­дар, пей­джер­лер, ра­дио­стан­ци­я­лар);
    +
    +
    +
    - бай­ла­ны­стың екі тү­рі қа­рас­ты­ры­ла­ды.
    +
    3.
    Ве­ри­фи­ка­ция ар­қы­лы ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі­нің жо­ға­луын анық­тау:
    - ара­ла­су­ды және құлып­тар­дың (құлып­тау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның) тұ­та­стығ­ын ин­ди­ка­ци­я­лау жабды­ғын (құ­ры­л­ғы­сын) күн­де­лік­ті тек­се­ру;
    +
    - ара­ла­су­ды және құлып­тар­дың (құлып­тау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның) тұ­та­стығ­ын ин­ди­ка­ци­я­лау жабды­ғын (құ­ры­л­ғы­сын) ап­та сай­ын тек­се­ру;
    +
    - ара­ла­су­ды және құлып­тар­дың (құлып­тау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның) тұ­та­стығ­ын ин­ди­ка­ци­я­лау жабды­ғын (құ­ры­л­ғы­сын) ай сай­ын тек­се­ру;
    +
    - бей­не­ба­қы­лау жүй­е­сі ар­қы­лы қа­шық­тан ба­қы­лау.
    +
    +
    +
    4.
    Жаб­дық­тар мен оқы­ты­л­ған адам­дар­дың бо­луын қам­ти­тын же­дел әре­кет ету­ді ұй­ым­да­сты­ру.
    +
    +
    +
    5.
    Фи­зи­ка­лық қор­ғаудың ин­же­нер­лік және тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры­нан алын­ған бар­лық ақ­па­рат (қа­лып­ты жұ­мыс, ақа­у­лар, рұқ­сат етіл­ме­ген әре­кет­тер, жағ­дай­ды ба­ға­лау) ор­та­лық бас­қа­ру пунк­тіне шы­ға­ры­ла­ды.
    +
    +
    +
    6.
    Ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі ор­на­лас­қан (сақ­та­ла­тын) орын­дар­ға кі­ре­тін жер­лер жұ­мыс уа­қы­ты­нан тыс уа­қыт­та құлып­тар­ға жа­бы­ла­ды және плом­ба­ла­на­ды (мөр­ле­не­ді).
    +
    +
    +
    7.
    Пай­да­ла­ну­шы ұй­ым­ның бас­шы­сы ұй­ым­да­ғы фи­зи­ка­лық қор­ғауды қам­та­ма­сыз ете­тін адам­ды (адам­дар­ды) ай­қын­дай­ды, оған қыз­мет­тік мін­дет­те­рі­нен бас­қа мін­дет­тер жүк­тел­мей­ді.
    +
    +
    +
    8.
    Пай­да­ла­ну­шы ұй­ым­да фи­зи­ка­лық қор­ғау жүй­е­сін­де пай­да­ла­ны­ла­тын құлып­тар­ды, кі­лт­тер­ді және ара­ла­су­ды ин­ди­ка­ци­я­лай­тын бас­қа да жаб­дық­тар­ды (құ­ры­л­ғы­лар­ды) есеп­ке алу, бе­ру, сақ­тау және ба­қы­лау тәр­ті­бі әзір­ле­не­ді:
    - құлып­тар­ға, кі­лт­тер­ге және ара­ла­су­ды ин­ди­ка­ци­я­лай­тын бас­қа да жаб­дық­қа (құ­ры­л­ғы­ға) рұқ­сат ал­ған бар­лық тұ­лға­лар­ды тір­кеу;
    +
    +
    +
    - құлып­тар­ды, кі­лт­тер­ді және ара­ла­су­ды ин­ди­ка­ци­я­лай­тын бас­қа жаб­дық­тар­ды (құ­ры­л­ғы­лар­ды) бе­ру­ді және қай­та тап­сы­ру­ды тір­кеу;
    +
    +
    +
    - құлып­тар­дың, кі­лт­тер­дің және ара­ла­су­ды ин­ди­ка­ци­я­лай­тын бас­қа да жаб­дық­тар­дың (құ­ры­л­ғы­лар­дың) бо­луын тек­се­ру және олар­ды рұқ­сат­сыз пай­да­ла­ну­ды бол­дыр­мау жө­нін­де­гі ша­ра­лар;
    +
    +
    +
    - әр­бір құлып пен кі­лт­ке тү­ген­деу нө­мі­рі бе­рі­ле­ді, әр­бір кі­лт­ке оның тү­ген­деу нө­мі­рі ба­сы­ла­ды.
    +
    9.
    Кү­зет шар­тта­ры мен тәр­ті­бін, кү­зет және ден қою кү­ш­те­рі­нің функ­ци­я­ла­ры, құқық­та­ры мен мін­дет­те­рін, олар­ды жа­рақ­тан­ды­ру қа­жет­ті­лі­гін пай­да­ла­ну­шы ұй­ым­ның бас­шы­сы ай­қын­дай­ды.
    +
    +
    +
    10.
    Ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­ріне ке­лу­ші­лер­ді жа­у­ап­ты адам бір­ге алып жү­ре­ді.
    +
    +
    +
    11.
    Пай­да­ла­ну­шы ұй­ым­да бас­шы әзір­лей­ді және бе­кі­те­ді:
    - ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі мен сақ­тау пункт­те­рін фи­зи­ка­лық қор­ғау жос­па­ры;
    +
    +
    +
    - фи­зи­ка­лық қор­ғаудың ин­же­нер­лік және тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және тех­ни­ка­лық жай-күйі мен жұ­мысқа қа­бі­лет­ті­лі­гін тек­се­ру жос­пар-гра­фи­гі.
    +
    +
    +
    12.
    Ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі мен сақ­тау пункт­те­рі ор­на­лас­қан жер­де екі (үш) адам қа­ғи­да­ты қол­да­ны­ла­ды.
    +
    13.
    Ор­та­лық бас­қа­ру пунк­тін, фи­зи­ка­лық қор­ғаудың ин­же­нер­лік және тех­ни­ка­лық құ­рал­да­рын ре­зерв­тік электр қу­а­ты­мен жаб­дық­та­уды қам­та­ма­сыз ету:
    - электр қу­а­тын ре­зерв­тік қу­ат­қа ав­то­мат­ты ауы­сты­ру­ды қам­та­ма­сыз ете­тін ре­зерв­тік қу­ат көз­де­рі пай­да­ла­ны­ла­ды (негіз­гі электр қу­а­ты өші­рі­л­ген жағ­дай­да) және негіз­гі электр қу­а­ты қал­пы­на кел­ген кез­де ке­рі ауы­сты­ры­ла­ды;
    +
    +
    +
    - электр қу­ат кө­зі­нің ре­зерв­тік қу­ат­қа және ке­рі ауы­суы ту­ра­лы ақ­па­рат ор­та­лық бас­қа­ру пунк­т­ін­де көр­се­ті­ле­ді және тір­ке­ле­ді.
    +
    +
    +
    Ескертпе: «+» белгісімен физикалық қорғаудың тиісті деңгейіне қойылатын талаптың бар екендігі, «–» белгісімен мұндай талаптың жоқ екендігі белгіленеді.

    Иондандырушы сәулелену көздерін

    және сақтау пункттерін физикалық

    қорғау қағидаларына

    2-қосымша

    Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың «А», «В» және «С» деңгейлеріне арналған физикалық қорғау шаралары

    Р/с №
    Фи­зи­ка­лық қор­ғау жүй­е­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар
    Фи­зи­ка­лық қор­ғаудың дең­гей­ле­рі
    «А»
    «В»
    «С»
    1.
    Рұқ­сат етіл­ме­ген әре­кет­тер­ді анық­тау:
    - ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін та­сы­мал­да­у­ға қа­ты­са­тын пер­со­нал­дың үз­дік­сіз ба­қы­лау;
    +
    +
    +
    - кө­лік құ­ра­лын­да­ғы сиг­нал бе­ру жүй­е­сі;
    +
    +
    +
    - кө­лік құ­ра­лын­да ара­ла­су­ды ин­ди­ка­ци­я­лау жабды­ғы (құ­ры­л­ғы);
    +
    +
    +
    - ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі­нің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ете­тін адам­дар­дың жүк­ті көз­бен шо­лып тек­се­руі;
    +
    +
    +
    - ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі­нің кон­тей­не­рін­де­гі құлып­тар;
    +
    +
    +
    - ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі­нің кон­тей­не­рін қа­уіп­сіз бе­кі­ту;
    +
    +
    +
    - кө­лік құ­ра­лы тұ­рақ ке­зін­де жа­бы­ла­ды және сиг­нал бе­ру жүй­е­сіне қой­ы­ла­ды.
    +
    +
    +
    2.
    Бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету:
    - се­нім­ді бай­ла­ныс құ­рал­да­рын (те­ле­фон­дар, ұя­лы те­ле­фон­дар, пей­джер­лер, ра­дио­стан­ци­я­лар) пай­да­ла­ну ар­қы­лы кө­лік құ­рал­да­ры қоз­ға­лы­сы­ның ба­ғы­тын­да (ба­ғыт­та­рын­да);
    +
    +
    +
    - бір­не­ше ав­то­мо­биль (ко­лон­на) неме­се бір­не­ше ва­гон (эше­лон) құ­ра­мын­да неме­се ке­ме­нің бір­не­ше бө­лік­те­рін­де іле­сіп жү­ре­тін адам­дар ара­сын­да;
    +
    +
    +
    - та­сы­мал­дау ба­ры­сы, ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі­нің жай-күйі, оқи­ға­лар­дың си­па­ты және қа­был­да­на­тын іс-әре­кет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ашпай­тын шар­тты ха­бар­ла­ма­лар жүй­е­сін пай­да­ла­на оты­рып.
    +
    +
    3.
    Ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі­нің жо­ға­луын анық­тау жү­зе­ге асы­ры­ла­ды:
    - фи­зи­ка­лық рас­тау ар­қы­лы;
    +
    +
    +
    - ара­ла­су­ды ин­ди­ка­ци­я­лау жабды­ғын (құ­ры­л­ғы­сын) пай­да­ла­ну ар­қы­лы;
    +
    +
    +
    - кө­лік құ­ра­лын тұ­р­ақ­қа қою және/неме­се тоқ­та­ту ке­зін­де іле­с­пе адам­дар­дың ара­ла­су­ды ин­ди­ка­ци­я­лау жабды­ғы­ның (құ­ры­л­ғы­сы­ның) жай-күй­ін тек­се­руі ар­қы­лы.
    +
    +
    +
    4.
    Же­дел ден қою және ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін алып қо­ю­дың ал­дын алу де­реу ден қо­ю­ды ба­стау үшін жаб­дық­тар мен рә­сім­дер­дің бо­луы­мен қам­та­ма­сыз еті­ле­ді:
    - кө­лік құ­ра­лын­да даб­ыл-ша­қы­ру сиг­нал бе­ру жүй­е­сі­нің бо­луы;
    +
    +
    - әр түр­лі фи­зи­ка­лық прин­циптер­ге негіз­дел­ген екі жақ­ты бай­ла­ны­стың екі түр­лі әді­сі;
    +
    +
    - на­ви­га­ци­я­лық ба­қы­лау жүй­е­ле­рін пай­да­ла­ну ар­қы­лы нақ­ты уа­қыт ре­жи­мін­де кө­лік құ­рал­да­ры­ның қоз­ға­лы­сын үз­дік­сіз ба­қы­лау және қа­да­ға­лау, бі­рақ мұн­дай құ­рал­дар­ды қол­да­ну бай­ла­ныс құ­рал­да­ры бой­ын­ша ха­бар ал­ма­су­дың ор­нын бас­пай­ды;
    +
    +
    +
    - жүк­ті оның бү­кіл жү­ру жо­лын­да үз­дік­сіз қор­ғау.
    +
    +
    5.
    Фи­зи­ка­лық қор­ғауды жос­пар­лау:
    - негіз­гі және қо­сал­қы марш­рут­тар­ды анық­тау және ке­лі­су;
    +
    +
    +
    - тө­тен­ше жағ­дай­лар, дү­лей апат­тар және күр­де­лі кри­ми­но­ген­дік жағ­дай­лар ай­мақ­та­ры бой­ын­ша өте­тін қоз­ға­лыс ба­ғыт­та­рын алып та­стау;
    +
    +
    +
    - та­сы­мал­дау уа­қы­тын, кө­лік құ­рал­да­ры ара­сын­да­ғы ша­ма­дан тыс жүк­те­ме­лер са­нын, жол бой­ын­да­ғы аял­да­ма­лар мен тұ­рақ­тар­ды ба­рын­ша шек­теу;
    +
    +
    +
    - та­сы­мал­дау, қоз­ға­лыс ба­ғыт­та­ры, сүй­е­мел­деу және кү­зе­ту тә­сіл­де­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қол жет­кі­зу­ді шек­теу;
    +
    +
    - ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін та­сы­мал­дау ке­зін­де фи­зи­ка­лық қор­ға­ныс жос­па­рын әзір­леу.
    +
    +
    +
    6.
    Кө­лік құ­рал­да­рын та­сы­мал­дау ал­дын­да тек­се­ру:
    - ара­ла­су­ды ин­ди­ка­ци­я­лау жабды­ғы­ның (құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның) тұ­та­стығ­ын тек­се­ру;
    +
    +
    +
    - кө­лік құ­рал­да­рын кө­лік құ­ра­лын іс­тен шы­ға­ру­ға, та­сы­мал­да­на­тын ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін за­қым­да­у­ға және (неме­се) ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­ріне қа­ты­сты рұқ­сат етіл­ме­ген әре­кет­тер жа­са­у­ға ық­пал ету­ге қа­бі­лет­ті құ­ры­л­ғы­лар­дың жоқ­тығ­ы­на тек­се­ру.
    +
    +
    +
    7.
    Ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін та­сы­мал­дау ке­зін­де фи­зи­ка­лық қор­ғау ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін кө­лік құ­рал­да­ры­на жүк жө­нел­ту­ші­де ти­еген сәт­тен ба­стап ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін кө­лік құ­рал­да­ры­нан жүк алушы­да тү­сір­ген сәт­ке дей­ін қам­та­ма­сыз еті­ле­ді.
    +
    +
    +
    8.
    Жүк та­сы­мал­да­у­шы ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін та­сы­мал­дау ке­зін­де фи­зи­ка­лық қор­ғауды қам­та­ма­сыз ете­ді. Жүк жө­нел­ту­ші неме­се жүк алушы та­сы­мал­дау ке­зін­де шар­ттық мін­дет­те­ме­лер­ге бай­ла­ны­сты ион­дан­ды­ру­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рін фи­зи­ка­лық қор­ғауды қам­та­ма­сыз ете­ді.
    +
    +
    +
    Ескертпе: «+» белгісімен физикалық қорғаудың тиісті деңгейіне қойылатын талаптың бар екендігі, «–» белгісімен мұндай талаптың жоқ екендігі белгіленеді.

    Иондандырушы сәулелену көздерін

    және сақтау пункттерін физикалық

    қорғау қағидаларына

    3-қосымша

    Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғаудың үлгі жоспары

    Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғаудың жоспары иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған негізгі ұйымдастырушылық талаптарды айқындайды және пайдаланушы ұйыммен бекітіледі.

    1. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғаудың жоспарының жалпы ақпараты, міндеттері мен мақсаттары, қайта қарау кезеңділігі.

    2. Ғимараттар мен үй-жайлардың сипаттамасы, иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін орналастыру схемасы.

    3. Қолданылатын физикалық қорғау шаралары, оның ішінде:

    1) физикалық қорғау, бақылау, рұқсатты бақылау, анықтау, кідірту, ден қоюды және байланыс құралдарын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;

    2) болжамды қатерге қарсы бағытталған шаралардың сапасын бағалау үшін құрылымдық ерекшеліктер.

    4. Иондандырушы сәулелену көздеріне және сақтау пункттеріне қарсы рұқсатсыз ықтимал әрекеттер тізбесі, ден қою шаралары.

    5. Физикалық қорғау жүйелері мен жабдықтары істен шыққан жағдайда қолданылатын өтемдік шаралар.

    6. Әкімшілік шаралар.

    7. Штаттық режимдегі, жұмыс уақытынан тыс және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар.

    8. Физикалық қорғау жүйесінің техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

    9. Персоналдың сенімділігін тексеру.

    10. Ақпараттық қауіпсіздік шаралары.

    11. Иондандырушы сәулелену көздеріне және сақтау пункттеріне, жұмыстарға, құжаттарға, мәліметтерге персоналдың рұқсатын бақылауды және басқаруды қамтамасыз ету, оның ішінде кілттерді бақылау рәсімдері.

    12. Персоналдың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар.

    13. Иондандырушы сәулелену көздері мен сақтау пункттерін физикалық қорғау сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы.

    14. Физикалық қорғауға байланысты оқиғалар туралы есеп беру.

    Иондандырушы сәулелену көздерін

    және сақтау пункттерін физикалық

    қорғау қағидаларына

    4-қосымша

    Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың үлгі жоспары

    1. Жүк жөнелтушінің, жүк тасымалдаушының, жүк алушының, күзет және ден қою күштерінің және жоспарланған тасымалдауға тартылатын ұйымдардың толық атауы, заңды мекенжайы және байланыс телефондары.

    2. Тасымалдаудың барлық қатысушыларының міндеттемелері.

    3. Көлік құралдары мен қаптамалардың сипаттамасы.

    4. Тасымалдау жоспарланған иондандырушы сәулелену көздерінің сипаттамасы (түрі, санаты, саны, физикалық және химиялық нысаны, радиоактивті сәулелену деңгейі).

    5. Иондандырушы сәулелену көздерін тасымалдаудың негізгі және қосалқы бағыттарын талдау және сипаттау.

    6. Физикалық қорғаудың белгіленген деңгейі және тиісті физикалық қорғау шараларының сипаттамасы.

    7. Иондандырушы сәулелену көздеріне қатысты рұқсатсыз болжалды іс-қимылдар тізбесі.

    8. Иондандырушы сәулелену көздерін физикалық қорғауға байланысты оқиғаларға ден қою шаралары.

    9. Иондандырушы сәулелену көздерін физикалық қорғау жүйесінің техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

    10. Персоналдың сенімділігін тексеру.

    11. Ақпараттық қауіпсіздік шаралары.

    12. Физикалық қорғауға байланысты оқиғалар туралы есеп беру.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.