Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 278/5 «Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 278/5 «Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
1) 1-тараудың 2-тармағының 12) тармақшасы алып тасталсын;
2) 10-тармақтың екінші абзацындағы «мәслихат аппаратының басшысымен бекітіледі» деген сөздер «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен бекітіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-тарау алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы
Ж. Мамерханова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.