Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 маусым 2024 ж.

    Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27659 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 1 қосымшасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2024 жылғы «18» маусымдағы

    № 100 қаулысына қосымша

    1- қосымша

    Маңғыстау облысының әкімдігінің

    2022 жылғы 12 сәуірдегі

    № 51 қаулысына

    1- қосымша

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Елді мекен
    Тәрбиеленушілер саны
    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
    10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
    10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары
    10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы
    Ауыл
    22808
    68256
    126316
    103985
    Қала
    25641
    60561
    110288
    91163

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2024 жылғы «18» маусымдағы

    № 100 қаулысына қосымша

    2- қосымша

    Маңғыстау облысының әкімдігінің

    2022 жылғы 12 сәуірдегі

    № 51 қаулысына

    2- қосымша

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

    Елді мекеннің атауы
    Тәрбиеленушілер саны
    Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейін (теңге)
    Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жастан бастап (теңге)
    Ақтау қаласы
    20205
    754,60
    847,04
    Жаңаөзен қаласы
    8527
    663,3
    806,5
    Бейнеу ауданы
    2766
    652,17
    767,06
    Қарақия ауданы
    2031
    714,61
    926,2
    Маңғыстау ауданы
    2245
    693,85
    850,89
    Мұнайлы ауданы
    9958
    697
    845
    Түпқараған ауданы
    2717
    722,78
    847,78

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.