Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 76 «Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының «Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 76 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 77-20 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері, хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы
К. Балмагамбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.