Арнайы құқық субъектісі «Жасыл даму» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметпен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 маусым 2024 ж.

    Арнайы құқық субъектісі «Жасыл даму» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметпен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің келісімі негізінде (13.05.2024 жылғы ПИ-106229) БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған арнайы құқық субъектісі «Жасыл даму» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметпен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

    3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Министрдің м.а.

    Н. Шәрбиев

    Қазақстан Республикасы

    Экология және табиғи

    ресурстар министрінің

    2024 жылғы __ ____________

    №____ бұйрығымен

    бекітілген

    «Жасыл даму» акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметпен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

    1. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде климаттың өзгеруі, қауіпті қалдықтармен және тұрақты органикалық ластағыштармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық жобаларды іске асыру.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.