Шектеу іс-шараларын алып тастау және Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 62 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 маусым 2024 ж.

    Шектеу іс-шараларын алып тастау және Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 62 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық  инспекциясының 2024 жылғы 13 маусымдағы №08-02.07/165  ұсынысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, С.Еспенбетов көшесі №5 тұрғын үйдің аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

    2. Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі №62 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімнің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шолаққорған ауылдық округінің әкімі

    А.Елибаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.