«Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 маусым 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, 593 бірлік болып бекітілсін.»;

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын ескере отырып, штат санының лимиті осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2024 жылғы « »

    № қаулысына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2002 жылғы 11 қыркүйектегі

    № 993 қаулысымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын ескере отырып, штат санының лимиті

    Атауы
    Штат санының лимиті
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, оның ішінде:
    593
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі
    336
    ___________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.