«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 266-1) және 266-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«266-1) отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
266-2) отбасын қолдау орталықтарының қызметін үйлестіру және оған әдістемелік басшылық жасау;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 16 маусымда қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.