Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 маусым 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2024 жылғы « »

    № қаулысымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

    1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:

    «Қарағанды облысы» деген бөлімде:

    реттік нөмірі 214-23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «214-23. «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамы.».

    2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне» деген бөлімде:

    реттік нөмірі 406-37-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «406-37-1. «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамы.».

    3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi»;

    «3. Акционерлiк қоғамдар» деген бөлімде:

    реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «30. «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамы».

    4. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесінде:

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамы.».

    _______________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.