2024 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 маусым 2024 ж.

    2024 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып,тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    3. «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;

    2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтезбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 1-тармақта туындаған құқықтық қатынастар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

    Абай облысының әкімі

    Н. Ұранхаев

    Абай облысы әкімдігінің

    2024 жылғы «14» маусымдағы

    № 110 қаулысына

    1-қосымша

    2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Р/с №
    Аймақтың атауы
    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері
    Елді мекен
    Тәрбиеле-нушілер саны
    Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
    Тәрбиеленушілер үшін топтардағы 10,5 сағаттық болу режимі
    Тәрбиеленушілер үшін топтардағы 9 сағаттық болу режимі
    Түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық топтардағы тәрбиеленуші-лер үшін
    1.
    Абай ауданы
    ауыл
    674
    62 928
    2.
    Аягөз ауданы
    ауыл
    100
    62 740
    қала
    2 434
    56 500
    3.
    Бесқарағай ауданы
    ауыл
    150
    62 928
    4.
    Бородулиха ауданы
    ауыл
    631
    62 740
    5.
    Жарма ауданы
    ауыл
    855
    62 740
    6.
    Көкпекті ауданы
    ауыл
    557
    62 552
    7.
    Курчатов қаласы
    қала
    485
    56 500
    8.
    Семей қаласы
    қала
    12 489
    56 500
    Семей қаласы түзету тобы
    қала
    243
    102 257
    9.
    Ақсуат ауданы
    ауыл
    730
    62 552
    10.
    Үржар ауданы
    ауыл
    468
    62 552
    Барлығы
    19 816
     
     
     

    Абай облысы әкімдігінің

    2024 жылғы «14» маусымдағы

    № 110 қаулысына

    2-қосымша

    2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

    Р/с №
    Аймақтың атауы
    Айына ата-ананың ақы төлек мөлшері (теңге)
    Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері
    Тәрбиеленушілер саны
    Балабақша / балабақша (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)
    Балалардың толық күн болатын шағын орталығы (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)
    1.
    Абай ауданы
    794
    3 жасқа дейін-6000, 3 жастан бастап-10000
    3 жасқа дейін-5000, 3 жастан бастап-6000
    2.
    Ақсуат ауданы
    748
    3 жасқа дейін-17600, 3 жастан бастап-18700
    3 жасқа дейін-13200, 3 жастан бастап-14300
    3.
    Аягөз ауданы
    2574
    3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап-17000
    3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап-17000
    4.
    Бесқарағай ауданы
    240
    3 жасқа дейін-13000, 3 жастан бастап-13000
    3 жасқа дейін-13000, 3 жастан бастап-13000
    5.
    Бородулиха ауданы
    974
    3 жасқа дейін-11565, 3 жастан бастап-14650
    3 жасқа дейін-11565, 3 жастан бастап-14650
    6.
    Жарма ауданы
    1 194
    3 жасқа дейін-12000, 3 жастан бастап-14000
    3 жасқа дейін-7000, 3 жастан бастап-8000
    7.
    Көкпекті ауданы
    245
    3 жасқа дейін-14500, 3 жастан бастап-14500
    3 жасқа дейін-14500, 3 жастан бастап-14500
    8.
    Курчатов қаласы
    425
    3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-18000
    3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-18000
    9.
    Семей қаласы
    10 829
    3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-20000
    3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-20000
    10.
    Үржар ауданы
    1 478
    3 жасқа дейін-9000, 3 жастан бастап-16000
    3 жасқа дейін-7000, 3 жастан бастап-14000
     
    19 501
     
     

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.