Қарағанды облысының Абай ауданында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 маусым 2024 ж.

    Қарағанды облысының Абай ауданында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Абай ауданында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Абай аудандық мәслихатының төрағасы

    Д. Сакенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.