Кентау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 маусым 2024 ж.

    Кентау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Кентау қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 22 «Кентау қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6133 болып тіркелген);

    2) Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 100 «Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 22 «Кентау қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26444 болып тіркелген).

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Кентау қалалық мәслихатының төрағасы

    К. Елеусизов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.