Ақкөл қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақкөл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 маусым 2024 ж.

    Ақкөл қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақкөл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақкөл қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақкөл қаласы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:

    1) кәмелетке толмаған бірге тұратын төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға (заңды өкілдерінің біріне);

    2) көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға.

    2. Қаржыландыру көзі болып Ақкөл ауданының бюджеті анықталсын.

    3. Осы бірлескен Ақкөл ауданы әкімдігінің қаулысы және Ақкөл аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақкөл ауданының әкімі

    Б.Абдрахманов

    Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы

    С.Абаханов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.