Караганды облысы Осакаров ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 маусым 2024 ж.

    Караганды облысы Осакаров ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 154 - п. «Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік ұсынымдарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Қ. Саккулаков

    2024 жылғы «11» маусымдағы

    № 20/197

    Осакаров аудандық мәслихатының

    шешіміне қосымша

    2024-2028 жылдарға арналған Қарағанды облысы Осакаров ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы.

    1. Кіріспе

    2. Осакаров ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың ағымдағы жағдайын талдау.

    3. Мақсаттар, міндеттер және нысаналы көрсеткіштер

    4. Бағдарламаның нысаналы көрсеткіштері

    5. Негізгі бағыттар, қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары.

    6. Қажетті ресурстар

    7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

    1-тарау. Кіріспе

    Қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бағыттарының бірі өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқаруды ұтымды ұйымдастыру болып табылады. Бұл ретте қалдықтары аз және қалдықсыз технологияларды енгізуді, оларды залалсыздандыру және кәдеге жарату мақсатында қалдықтарды қайта өңдеуді экономикалық ынталандыру маңызды рөл атқарады.

    Бұл бағдарлама Осакаров ауданының коммуналдық қалдықтарын жинау мен орналастыруды қарастырады.

    2024-2028 жылдарға арналған Қарағанды облысы Осакаров ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламасы «Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 ж. №154 –п бұйрығы негізінде әзірленді.

    Бағдарламада коммуналдық қалдықтардың көлемі мен құрамы, түзілу жылдамдығы, жіктелуі, жинақтау, жинау, тасымалдау, сұрыптау, залалсыздандыру, қалпына келтіру және жою тәсілдері, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қолданыстағы инфрақұрылым туралы мәліметтерді қоса алғанда, ауданда түзілетін коммуналдық қалдықтардың сипаты (сипаттамасы) ұсынылады.

    Ауданның негізгі сипаттамалары

    Осакаров ауданының аумағы 1126,1 мың га құрайды. Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі ұсынылған: 52 ауылдық елді мекен (бұдан әрі-АЕМ), 23 ауылдық округ, оның 8-і тек бір АЕМ-нен тұрады.

    Аудан орталығы - Осакаровка кенті. Аймақтың салалық мамандануы ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп.

    Аудан өнеркәсібі тау-кен өнеркәсібінің жүйе құраушы кәсіпорындарымен және электр энергиясын, газ бен суды өндірумен және таратумен, сондай-ақ өңдеу саласымен айналысатын кәсіпорынмен ұсынылған.

    Осакаров ауданындағы өнеркәсіптің негізгі құрамдас бөліктері: «Kazakhmys Coal» ЖШС және «Қаныш Сәтбаев атындағы Канал» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалы болып табылады.

    Халық санының динамикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша қабылданды. 2023 жылдың соңында Осакаров ауданының халық саны 29998 адамды құрады.

    Жоспарлы кезеңге арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі.

    Бағдарламаны әзірлеу қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын арттыру, ҚТҚ қайта өңдеу үлесін ұлғайту, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету үшін қажет.

    Бағдарлама келесі нормативтік құжаттар негізінде әзірленді:

    1) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Экологиялық кодексі;

    2) Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 154-п бұйрығы;

    3) «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығы;

    4) «Техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығын ескере отырып, қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде міндетті түрде бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығы;

    5) «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы;

    Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар ұлттық стратегияда қаралады: Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 «Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы» Жарлығы, 3.3.1.4-бөлім. «Қалдықтарды басқару»:

    1) қалдықтардың түзілу көлемін қысқарту;

    2) ҚТҚ жинау және сұрыптаумен толық қамтуды жеделдетіп енгізу;

    3) қайта өңделетін және қордалатын қалдықтардың үлесін ұлғайту.

    2-тарау. Осакаров ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың ағымдағы жағдайын талдау

    Параграф 1. Коммуналдық қалдықтарды басқарудың ағымдағы жағдайын бағалау

    Халықаралық тәжірибеде қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі - ҚТҚ) қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы құрамына кіретін, бірақ қайта өңдеу және/немесе көму тәсілімен ерекшеленетін үш «қалдықтар ағынына» сәйкес келетін үш бөлікке жіктеледі.

    1) коммуналдық қалдықтар.

    2) қауіпті қатты тұрмыстық қалдықтар - адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қасиеттері бойынша қауіпті қалдықтарға жатқызылуы мүмкін түзілу сипаты ұқсас өндіріс қалдықтары. Оларға келесі қалдықтар жатады:

    1) пайдаланылған батарейкалар мен аккумуляторлар;

    2) пайдаланылған электр және электрондық жабдық;

    3) құрамында сынап бар қалдықтар (люминесцентті шамдар мен термометрлер);

    4) медициналық және ветеринариялық қалдықтар;

    5) тұрмыстық химия қалдықтары;

    6) құрамында асбест бар қалдықтар;

    7) адам өмірінің нәтижесінде пайда болатын басқа да қауіпті қалдықтар.

    3) Басқа қатты тұрмыстық қалдықтар - қауіпті болып табылмайтын және сонымен бірге аралас қалдықтарға жатқызуға болмайтын қалдықтар, себебі оларды жинау, әкету және кәдеге жарату үшін бірінші ағынға қарағанда өзге де тәсілдерді қолдану талап етіледі.

    «Басқа ҚТҚ» келесі қалдықтарды қамтиды:

    1) құрылыс қалдықтары;

    2) ірі көлемді қалдықтар;

    3) кәдеге жаратуға жататын автомобильдер;

    4) пайдаланылған автомобиль шиналары;

    5) ағынды суларды қайта өңдеуден шыққан қалдықтар.

    Осакаров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру, оның ішінде қайта өңдеу және жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар жоқ. 1-кестеде 5 жыл ішінде жиналған және тасымалданған коммуналдық қалдықтардың көлемі бойынша статистикалық деректер келтірілген.

    1-кесте Осакаров ауданы бойынша 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде жиналған және тасымалданған коммуналдық қалдықтардың көлемі

    Осакаров ауданы
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    Тонна
    Жиналған коммуналдық қалдықтар
    4500
    5200
    9250
    21810
    5656
    «Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің деректеріне сәйкес Осакаров ауданының тұрғындарына олардың болмауына байланысты қоқыс шығаратын ұйымдар қызмет көрсетпейді. Осакаров ауданы бойынша тіркелген қоқыс шығаратын ұйымдар мен қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жоқ. Қоқысты шығаруды қалдықтарды тасымалдауға бейімделген техникасы бар жеке тұлғалар жүзеге асырады.
    2024 жылдың басында Осакаров ауданында 19 контейнер бар, оның ішінде 17 қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнер және құрамында сынап бар шамдарға арналған 2 контейнер.
    Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер: Сарыөзек ауылы 11 бірлік, Николаевка ауылы 3, Озерное ауылы 3. Құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған контейнерлер: Осакаровка кенті 1 бірлік, Молодежный кенті 1. Барлық контейнерлер әкімшілік мекемелердің (мектептер, емханалар, балабақшалар, мәдениет үйі, сауда үйлері) аумағында орналасқан.
    Жергілікті тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған алаңдар екі кентте бар. Осакаровка кенті 7 алаң, Молодежный кенті 26 алаң. Коммуналдық қалдықтарды шығаруды бейімделген техникасы бар жеке тұлғалар жүзеге асырады.
    Осакаров ауданының құрамына екі ірі Осакаровка және Молодежный ауылдары кіреді, аудан орталығы - Осакаровка ауылы.
    Жергілікті атқарушы органдар ұсынған соңғы мәліметтерге сәйкес, Осакаров ауданында 29998 адам бар. Осакаровка кентінде 8389 адам, Молодежный кентінде 5835 адам тұрады. Осылайша, Осакаров ауданы халқының жартысы екі кентте тұрады, екі кент бойынша халықтың жалпы саны 15396 адамды құрайды.
    Молодежный кентімен бір аумақта орналасқан Ақбұлақ ауылдық округінің халық санын ескере отырып, халық саны 7007 адамды құрайды.
    Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 221 «Осакаров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес бір тұрғынға жылына 0,80 м 3 келеді. Осылайша, Осакаровка кенті үшін қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болуының жобалық жылдық көлемі жылына 6711 м 3 немесе тәулігіне 18,3 м 3 құрайды, Молодежный кенті үшін Ақбұлақ ауылдық округі ескеріле отырып, жылына 5606 м 3 немесе тәулігіне 15,3 м 3 құрайды.
    Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 589 «Қарағанды облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» шешіміне сәйкес аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде 5-мақсат: экологиялық қауіпсіздік, Осакаров ауданы бойынша ҚТҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін (түзілу көлемінен) 2021-2025 жылдар аралығындағы кезеңге қайта өңдеу және кәдеге жарату көлемін 2024 жылы 0,1% - ға және 2025 жылға қарай түзілу көлемінің 0,2% арттыру қажет.
    Параграф 2. Коммуналдық қалдықтарды қалыптастыру және жинақтау жөніндегі нормативтік базасы бар
    1) Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 87/01 «Осакаров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы. Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 87/01 қаулысы.
    2) Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 221 «Осакаров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 мамырда № 27867 болып тіркелді.
    Осы шешімге сәйкес Осакаров ауданының тұрғындары үшін, сондай-ақ мекемелер, кәсіпорындар, балабақшалар, медициналық және басқа да мекемелер үшін қалдықтардың пайда болу нормалары қабылданды. Есептік бірліктерге (тұрғын, орын, қызметкер, бару және т.б.) сүйене отырып, текше метрде коммуналдық қалдықтардың пайда болуының жылдық нормасы қабылданды.
    Коммуналдық қалдықтардың пайда болуының жылдық нормасы 1 тұрғынға 0,80 м 3 құрайды.
    Параграф 3. Коммуналдық қалдықтардың морфологиялық құрамы
    Ауылдық жерлердегі қалдықтардың морфологиялық құрамы қалалық жерлерден ерекшеленеді. Онда органикалық қалдықтар және пластмассаның, орауыш материалдардың, қағаздың және картонның аз үлесі басым. Айта кету керек, ауылдық жерлерде қалдықтардың азық-түлік бөлігі әдетте полигонға немесе үйінділерге орналастырылмайды. Азық-түлік қалдықтарының едәуір бөлігі жануарларға беріледі немесе үй жағдайларында қордаланады. Сонымен қатар, ағаш, қағаз өнімдері, пластикалық қаптама және басқа материалдарды жылыту мақсатында жағуға болады. Сонымен қатар, тыйым салынғанына қарамастан, ауылдық полигондарға көң және басқа да мал қалдықтары (малға арналған өсімдік қоқысы) көп мөлшерде түседі.
    2-кесте Қалалық жерлерде қатты тұрмыстық қалдықтардың морфологиялық құрамы
    р/к №
    Фракция атауы
    Жалпы көлемдегі мөлшердің %
    2
    Құрамы әр түрлі пластик
    27
    4
    Шыны
    15
    5
    Металл
    3
    8
    Басқа қалдықтар
    55
    Параграф 4. Осакаров ауданының қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары туралы мәліметтер
    Осакаров ауданының аумағында өз қызметін әсер етуге рұқсаты бар 22 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жүзеге асырады.
    Қалдықтарды көму полигоны (бұдан әрі - полигон) деп экологиялық, құрылыс және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін қалдықтарды алып қою ниетінсіз оларды тұрақты орналастырудың арнайы жабдықталған орны түсініледі.
    Осакаров ауданының қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары экологиялық және санитарлық нормаларға толық сәйкес келмейді.
    4-кестеде Осакаров ауданының әсер етуге рұқсаты бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының тізімі келтірілген.
    Коммуналдық және басқа да қалдықтардың иесіз үйінділері анықталды және жойылды.
    ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен бірлесіп қалдықтарды орналастыру орындарына ғарыштық мониторинг жүргізуде. 3-кестеде Осакаров ауданында үш жыл ішінде жойылған қоқыс үйінділерінің саны туралы ақпарат берілген.
    3-кесте Осакаров ауданы бойынша иесіз үйінділер жойылды
    Аудан
    2021
    2022
    2023
    1
    Осакаров ауданы, бірлік
    43
    21
    38
    4-кесте Осакаров ауданының заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының тізімі
    ҚТҚ по­ли­гон­да­ры­ның ба­ланс ұста­у­шы­ла­ры
    ҚТҚ по­ли­гон­да­ры­ның ор­на­лас­қан же­рі
    Бе­рі­л­ген рұқ­сат­тың нө­мі­рі мен кү­ні
    Рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі жыл­дың ба­сы-со­ңы
    ШРШ (шек­ті рұқ­сат бе­рі­ле­тін шы­ға­рын­ды­лар) жо­ба­сы­на мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­ның нө­мі­рі мен кү­ні
    ҚОН (қал­дық­тар­ды ор­на­ла­сты­ру нор­ма­ти­ві) жо­ба­сы­на мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­ның нө­мі­рі мен кү­ні
    1.
    «Оса­ка­ров­ка кен­ті әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Оса­ка­ров­ка кен­ті
    KZ50VCZ00162548 18.05.2018 жы­лы қал­дық­тар­ға
    18.05.2018 жыл-31.12.2027 жыл
    ШРҚ жо­ба­сы­на қо­ры­тын­ды жоқ
    KZ35VCY00102856 01.02.2018 жыл
    2.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Жан­са­ры ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Аман­қо­ңыр ауы­лы
    KZ40VCZ01105471 23.06.2021 жы­лы шы­ға­рын­ды­лар­ға KZ66VCZ01255547 17.08.2021 жы­лы қал­дық­тар­ға
    23.06.2021 жыл - 31.12.2030 жыл 17.08.2021 жыл - 31.12.2030 жыл
    KZ40VCZ01105471 23.06.2021 жыл
    KZ66VCZ01255547 17.08.2021 жыл
    3.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Род­ни­ков­ский ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Род­ни­ков­ское ауы­лы
    KZ10VCZ01109503 24.06.2021 жы­лы шы­ға­рын­ды­лар­ға KZ67VCZ01109544 24.06.2021 жы­лы қал­дық­тар­ға
    24.06.2021 жыл - 31.12.2030 жыл 24.06.2021 жыл-31.12.2030 жыл
    KZ10VCZ01109503 24.06.2021 жыл
    KZ67VCZ01109544 24.06.2021 жыл
    4.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Ші­дер­ті ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Ші­дер­ті ауы­лы
    KZ19VCZ01109244 24.06.2021 жы­лы шы­ға­рын­ды­лар­ға KZ32VCZ01109592 24.06.2021 жы­лы қал­дық­тар­ға
    24.06.2021 жыл-31.12.2030 жыл 24.06.2021 жыл - 31.12.2030 жыл
    KZ19VCZ01109244 24.06.2021 жыл
    KZ32VCZ01109592 24.06.2021 жыл
    5.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Жұл­дыз ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Жұл­дыз ауы­лы
    KZ61VCZ01140789 08.07.2021 жы­лы шы­ға­рын­ды­лар­ға KZ31VCZ01140747 08.07.2021 жы­лы қал­дық­тар­ға
    08.07.2021 жыл-31.12.2030 жыл 08.07.2021 жыл-31.12.2030 жыл
    KZ61VCZ01140789 08.07.2021 жыл
    KZ31VCZ01140747 08.07.2021 жыл
    6.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Ақ­бұ­лақ ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Ақ­бұ­лақ ауы­лы
    KZ72VCZ01120512 26.07.2021 жы­лы шы­ға­рын­ды­лар­ға KZ71VCZ01120530 26.07.2021 жы­лы қал­дық­тар­ға
    26.07.2021 жыл-31.12.2030 жыл 26.07.2021 жыл-31.12.2030 жыл
    KZ72VCZ01120512 26.07.2021 жыл
    KZ71VCZ01120530 26.07.2021 жыл
    7.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Ең­бек ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Тру­до­вое ауы­лы
    KZ76VCZ01255658 30.07.2021 жы­лы шы­ға­рын­ды­лар­ға Kz21vcz01255678 30.07.2021 жы­лы қал­дық­тар­ға
    30.07.2021 жыл-31.12.2030 жыл 30.07.2021 жыл-31.12.2030 жыл
    KZ76VCZ01255658 30.07.2021 жыл
    KZ21VCZ01255678 30.07.2021 жыл
    8.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Са­ры­ө­зек ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Са­ры­ө­зек ауы­лы
    KZ90VCZ01268598 05.08.2021 жы­лы шы­ға­рын­ды­лар­ға KZ71VCZ01268552 05.08.2021 жы­лы қал­дық­тар­ға
    05.08.2021 жыл-31.12.2030 жыл 05.08.2021 жыл-31.12.2030 жыл
    KZ90VCZ01268598 05.08.2021 жыл
    KZ71VCZ01268552 05.08.2021 жыл
    9.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Ер­тіс ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Ер­тіс ауы­лы
    KZ16VCZ01268475 05.08.2021 жы­лы шы­ға­рын­ды­лар­ға KZ06VCZ01268461 05.08.2021 жы­лы қал­дық­тар­ға
    05.08.2021 жыл-31.12.2030 жыл 05.08.2021 жыл-31.12.2030 жыл
    KZ16VCZ01268475 05.08.2021 жыл
    KZ06VCZ01268461 05.08.2021 жыл
    10.
    «Әкім ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Қа­ра­то­мар ауыл­дық окру­гі Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны»
    Се­но­кос­ное ауы­лы
    KZ42VCZ01268492 05.08.2021 жыл шы­ға­рын­ды­лар­ға KZ75VCZ01268480 05.08.2021 жы­лы қал­дық­тар­ға
    05.08.2021 жыл-31.12.2030 жыл 05.08.2021 жыл-31.12.2030 жыл
    KZ42VCZ01268492 05.08.2021 жыл
    KZ75VCZ01268480 05.08.2021 жыл
    11.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Мир­ный ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Мир­ное ауы­лы
    KZ37VCZ01268485 05.08.2021 жы­лы шы­ға­рын­ды­лар­ға KZ25VCZ01268507 05.08.2021 жы­лы қал­дық­тар­ға
    05.08.2021 жыл-31.12.2030 жыл 05.08.2021 жыл-31.12.2030 жыл
    KZ37VCZ01268485 05.08.2021 жыл
    KZ25VCZ01268507 05.08.2021 жыл
    12.
    Ни­яз ауыл­дық округ әкі­мі­нің ап­па­ра­ты мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны»
    Ни­яз ауы­лы
    KZ72VCZ01268534 05.08.2021 жы­лы шы­ға­рын­ды­лар­ға KZ62VCZ01268520 05.08.2021 жы­лы қал­дық­тар­ға
    05.08.2021 жыл-31.12.2030 жыл 05.08.2021 жыл-31.12.2030 жыл
    KZ72VCZ01268534 05.08.2021 жыл
    KZ62VCZ01268520 05.08.2021 жыл
    13.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Мар­жан­көл а.о. әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Мар­жан­көл ауы­лы
    KZ93VCZ03308939 14.08.2023 жыл шы­ға­рын­ды­лар мен қал­дық­тар­ға
    14.08.2023 жыл 31.12.2032 жыл
    KZ93VCZ03308939 14.08.2023 жыл
    KZ93VCZ03308939 14.08.2023 жыл
    14.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны ел­ді ме­ке­ні құн­ды­зды ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Шұң­қыр­көл ауы­лы
    KZ23VCZ03308938 14.08.2023 жыл шы­ға­рын­ды­лар мен қал­дық­тар­ға
    14.08.2023 жыл-31.12.2032 жыл
    KZ23VCZ03308938 14.08.2023 жыл
    KZ23VCZ03308938 14.08.2023 жыл
    15.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Сұң­қар ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Сұң­қар ауы­лы
    KZ66VCZ03308940 14.08.2023 жыл шы­ға­рын­ды­лар мен қал­дық­тар­ға
    14.08.2023 жыл-31.12.2032 жыл
    KZ66VCZ03308940 14.08.2023 жыл
    KZ66VCZ03308940 14.08.2023 жыл
    16.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров­ка ауда­ны Есіл ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Есіл ауы­лы
    KZ74VCZ03264661 20.06.2023 жыл шы­ға­рын­ды­лар мен қал­дық­тар­ға
    20.06.2023 жыл­дар- 31.12.2032 жыл
    KZ74VCZ03264661 20.06.2023 жыл
    KZ74VCZ03264661 20.06.2023 жыл
    17.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Бат­пақ­ты ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Бат­пақ­ты ауы­лы
    KZ33VCZ03264623 20.06.2023 жыл шы­ға­рын­ды­лар мен қал­дық­тар­ға
    20.06.2023 жыл-31.12.2032 жыл
    KZ33VCZ03264623 20.06.2023 жыл
    KZ33VCZ03264623 20.06.2023 жыл
    18.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Озер­ный ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Озер­ное ауы­лы
    KZ76VCZ03262103 16.06.2023 жыл шы­ға­рын­ды­лар мен қал­дық­тар­ға
    16.06.2023 жыл-31.12.2032 жыл
    KZ76VCZ03262103 16.06.2023 жыл
    KZ76VCZ03262103 16.06.2023 жыл
    19.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Қа­ра­ғай­лы ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Қа­ра­ғай­лы ауы­лы
    KZ34VCZ03357434 19.10.2023 жыл шы­ға­рын­ды­лар мен қал­дық­тар­ға
    19.10.2023 жыл-31.12.2032 жыл
    KZ34VCZ03357434 19.10.2023
    KZ34VCZ03357434 19.10.2023
    20.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Пи­о­нер ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» ММ
    Пи­о­нер­ское ауы­лы
    KZ51VCZ03368865 06.11.2023 жы­лы қал­дық­тар­ға
    01.01.2024 жыл-31.12.2033 жыл
    KZ51VCZ03368865 06.11.2023 жыл
    KZ51VCZ03368865 06.11.2023 жыл
    21.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Са­до­вый ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Са­до­вое ауы­лы.
    KZ63VCZ03367194 02.11.2023 жыл шы­ға­рын­ды­лар­ға KZ63VCZ03367194 02.11.2023 жыл қал­дық­тар­ға
    01.01.2024 жыл-31.12.2033 жыл
    KZ63VCZ03367194 02.11.2023 жыл
    KZ63VCZ03367194 02.11.2023 жыл
    22.
    «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Оса­ка­ров ауда­ны Ни­ко­ла­ев ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Ни­ко­ла­ев­ка ауы­лы
    KZ28VCZ03149089 09.12.2022 жыл шы­ға­рын­ды­лар мен қал­дық­тар­ға
    09.12.2022 жыл 31.12.2031 жыл
    KZ28VCZ03149089 09.12.2022 жыл
    KZ28VCZ03149089 09.12.2022 жыл
    Параграф 5. ҚТҚ қалдықтарын жинауға арналған контейнерлердің қажетті санын талдау.
    Жүргізілген есептеулерге сәйкес Осакаровка кентінде тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болуының жобалық жылдық көлемі жылына 6711 м 3 немесе тәулігіне 18,3 м 3 құрайды. Контейнердің стандартты көлемі 0,7 м 3.
    Осылайша, Осакаровка кентінің жергілікті тұрғындарын коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлермен қамтамасыз ету үшін 2 «құрғақ» және «дымқыл» фракцияларына кемінде 52 контейнер қажет.
    Ақбұлақ ауылдық округі ескеріле отырып, тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болуының Молодежный жобалық жылдық көлемі жылына 5606 м 3 немесе тәулігіне 15,3 м 3. Осылайша, Молодежный кентінің жергілікті тұрғындарын қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлермен қамтамасыз ету үшін 2 «құрғақ» және «дымқыл» фракцияларына кемінде 42 контейнер қажет.
    ҚТҚ жинауға арналған контейнерлердің қажетті санын есептеу шартты болып табылады, күл қожын жинауға арналған контейнерлерді және қауіптілігі 1-класты қалдықтарға арналған контейнерлерді (құрамында сынап бар шамдар, батареялар) есептемегенде жүргізіледі.
    Параграф 6. Биологиялық ыдырайтын қалдықтар
    Қарағанды облысы аудандарының проблемаларының бірі көңді орналастырудың заңдастырылған орындарының болмауы, сондай-ақ оны одан әрі пайдалану болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы биологиялық ыдырайтын қалдықтарды тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарына орналастыруға, көмуге тыйым салады.
    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде биологиялық ыдырайтын қалдықтар - анаэробты немесе аэробты ыдырауға ұшырауы мүмкін қалдықтар, оның ішінде тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстыруға болатын бақтардың, саябақтардың, тамақ өнімдерінің, тамақ дайындаудың қалдықтары, макулатура айқындалады.
    Азық-түлік, өсімдік және салыстырмалы қалдықтардан басқа, ауылшаруашылық қалдықтары (мал көңі, құс көңі, малға арналған өсімдік қоқысы), ағынды суларды тазарту қондырғылары сияқты басқа қалдықтар биологиялық ыдырауға ұшырауы мүмкін. Қордаға көң мен шламды өңдеу немесе энергия/биогаз алу да биологиялық ыдырауға негізделген процестер болып табылады.
    Құндызды ауылдық округіндегі Осакаров ауданының аумағында, Шүңқыркөл ауылында жалпы ауданы 5 га ауыл шаруашылығы қалдықтарын (көңді) жинауға арналған учаске бар.
    Осакаров ауданында аграрлық секторда биологиялық ыдырайтын қалдықтар белсенді қолданылады. Ауыл шаруашылығы қалдықтары (көң) органикалық тыңайтқыш ретінде қолданылады. Қаратомар ауылдық округінде, Сенокосное ауылында «Birlik Agro Invest» ЖШС тұқым шаруашылығын қоса алғанда, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру кезінде көңді пайдаланады, сондай-ақ «Газель» ШҚ Жұлдыз ауылы және «Садовое-К» ЖШС Садовое ауылы ІҚМ (ірі қара мал) өсіруге және дәнді және жемшөп дақылдарын өсіруге маманданған.
    2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда полигондарда тамақ қалдықтарын көмуге тыйым салынды.
    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының операторларын биологиялық ыдырайтын қалдықтарды көму көлемін қысқарту және қоқыс газын жинау мен кәдеге жарату арқылы полигондағы метан шығарындыларын азайтуға міндеттейді. «Жасыл экономика» тұрғысынан қордалау, биогаз алу әдісі сияқты, ең қолайлы болып табылады.
    ҚР қолданыстағы заңнамасында БЫҚ (биологиялық ыдырайтын қалдықтар) қордалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша нақты талаптар мен нұсқаулықтар әлі жоқ.
    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі жергілікті атқарушы органдарға оларды қайта өңдеу, компосттау, биогаз өндіру және (немесе) өнім немесе энергия өндіру мақсатында пайдалану жөніндегі шараларды қоса алғанда, биологиялық ыдырайтын қалдықтарды көмуді қысқарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды ғана ұйғарады.
    Қордалау
    Тұйық циклды экономика тұрғысынан көрнектілердің бірі өнімді қайта өсіру үшін қорданы одан әрі қолдана отырып, қалдықтарды қордалау әдісі болып табылады.
    Бұл әдіс микроорганизмдердің (бактериялар, зеңдер), сондай-ақ жәндіктердің әсерінен органикалық заттардың табиғи ыдырау процесіне негізделген.
    Қордалау - бұл процестің салыстырмалы қарапайымдылығына байланысты әлемдегі биологиялық ыдырайтын қалдықтарды қайта өңдеудің ең кең таралған әдісі.
    Алынған өнім қорда азот, калий, кальций, фосфор және басқа да өсімдік қоректік заттардың көзі болып табылады. Сондай-ақ, қорда топырақтың құрамы мен құрылымын жақсарту үшін қолданылады, бұл топырақтың біртіндеп тозуы жағдайында Қарағанды облысы үшін өзекті.
    Процесс экзотермиялық (жылу шығарумен), сондықтан ауыл шаруашылығы мен тамақ қалдықтарын қордалау кезінде патогенді микроорганизмдер ішінара залалсыздандырылады және арамшөптер жойылады.
    Микроорганизмдер шығаратын жылу (+70°C дейін) суық мезгілде қорда жасауға мүмкіндік береді, ал қорданың пісетін кезеңі 2, 3 аптаға артады.
    Қордалау тығыздалған және бетондалған топырағы бар ашық немесе жабық жерлерде болуы мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда қордалы алаңдары бойынша бекітілген стандарт жоқ.
    Жабық аумақтар ылғалдылық пен температураны ішінара бақылауға мүмкіндік береді, бұл ашық ауада қиындық тудырады.
    Биогаз алу
    Қазақстан үшін парниктік газдарды төмендетудің басымдылығын ескере отырып, биологиялық ыдырайтын қалдықтардың өңдеу кезінде биогазды ұстау технологиясы өте өзекті болып табылады.
    Биогаз қондырғылары немесе станциялары, негізінен сутегі немесе метан биомассасын ашыту арқылы алынған метан газын өндіруге арналған жабдық.
    Биогаз қондырғылары қызметінің негізгі өнімі биогаз және дигестат (ашытудан кейін биологиялық ыдырайтын қалдықтардың қалдықтары) болып табылады.
    Биогазды автомобиль отыны ретінде пайдалану үшін оны дайындау керек. Биологиялық ыдырайтын қалдықтарды басқару жүйесін ұйымдастырудың құрамдас бөліктерінің бірі биоотын алу болуы мүмкін.
    Әлемде биогаз қондырғыларын кеңінен қолдану негізінен энергияны өндіру және биологиялық ыдырайтын қалдықтардың ыдырауынан пайда болатын метанның шығуын бақылау мүмкіндігіне байланысты (метан өзінің парниктік қасиеттері бойынша көмірқышқыл газынан едәуір асып түседі).
    Биогаз қондырғыларынан алынатын энергия жаңартылатын болып табылады және жаңартылатын энергия көздері туралы тиісті заңнамаға сәйкес келеді.
    «Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Жарлығының көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясында жазылған мақсаттарға сүйене отырып, атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын барынша азайтатын технологияларды қолдану қажет.
    «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» акционерлік қоғамының («KEGOC» АҚ) деректеріне сәйкес, биологиялық ыдырайтын қалдықтарды пайдаланатын станция өндірілетін электр энергиясын - «Агрофирма Курма» ЖШС сатты. Бұл Қарағанды облысы Абай ауданында орналасқан құс фабрикасы. Белгіленген қуаттылығы 1.07 МВт станция 2018 жылы пайдалануға берілді, орташа жылдық өндіру, 4800 мың кВт/сағ.
    Қазақстанда биогаз станцияларын тазарту құрылыстарының көңін немесе тұнбасын өңдеу үшін пайдаланатын бірнеше кәсіпорын бар.
    «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС ( Шымкент қ.) Шымкент су арнасында биогаз қондырғыларын пайдаланады және шамамен 400 квт/сағ энергия алады. Бұл «Волынский» Агроөнеркәсіптік кешені (Қарағанды облысы) шошқа шаруашылығы ағындарын өңдеу үшін биогаз қондырғыларын пайдаланады. Жылына қалдықтардан 2 млн текше метрден астам биогаз, 3650 МВт электр және 4197 МВт жылу энергиясы, сондай-ақ тәулігіне 10 тонна микробиологиялық тыңайтқыш алынады. Барлық өндірілген электр энергиясы шошқа кешенінің өз қажеттіліктеріне жұмсалады. «Караман-К» ЖШС (Қостанай облысы) көңді пайдаланады, мәлімделген қуаты 0,35 МВт.
    Қалдықтарды есепке алу инвестициялық процестер үшін де, қабылданған әрекеттердің тиімділігін бағалау үшін де стратегиялық шешімдерді бағалау және қабылдау үшін өте қажет. Өндірілетін биологиялық ыдырайтын қалдықтардың түрлері мен көлемі туралы ақпарат қоршаған ортаға ағымдағы және ықтимал зиянды бағалауға мүмкіндік береді.

    3-тарау. Мақсаттар, міндеттер және нысаналы көрсеткіштер

    Параграф 1. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері.

    Бұл бағдарламаның мақсаты - коммуналдық қалдықтардан пайда болатын қоршаған ортаға жүктемені азайту, қалдықтардың пайда болу мөлшерін азайту, қайталама ресурстардың өндірілуін арттыру, коммуналдық қалдықтарды пайдалану тиімділігін арттыру және полигондарда сақталатын қалдықтардың үлесін азайту тәсілдерін ұсыну.

    Қалдықтарды басқару Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ЭК) 19-бөлімімен регламенттеледі.

    Қалдықтарды басқару саласындағы негізгі принциптер 328 бапта сипатталған:

    1) иерархия принципі;

    2) көзге жақындық принципі;

    3) қалдықтарды дайындаушының жауапкершілік қағидаты;

    4) Қалдықтарды өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері.

    ҚР ЭК 329-бабына сәйкес сатылық қағидаты қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі мынадай шараларды білдіреді:

    1) қалдықтардың түзілуін болғызбау;

    2) қалдықтарды қайтадан пайдалануға дайындау;

    3) қалдықтарды қайта өңдеу;

    4) қалдықтарды кәдеге жарату;

    5) қалдықтарды жою.

    Бағдарламаның мақсатына және қалдықтар сатылықтыңың принципіне сүйене отырып, бағдарламаның келесі міндеттері ұсынылады:

    1) тауарларды орау санын азайту, сату жүйелерін оңтайландыру, ұтымды тұтынуды насихаттау есебінен коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін қысқарту;

    2) қалдықтарды «көзден» сұрыптау тиімділікті арттыру және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы экологиялық заңнамаға сәйкестігі;

    3) қалдықтардың органикалық бөлігін биоқордалау немесе биогаз алу немесе энергетикалық кәдеге жарату үшін пайдалану;

    4) Қазақстан Республикасының экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес коммуналдық қалдықтардың қалдық бөлігін сақтауға беру;

    5) құрылыс қалдықтарын пайдалану;

    6) пысықталған полигон карталарын қалпына келтіру.

    Параграф 2. Қойылған мақсаттар мен міндеттерге неғұрлым тиімді және экономикалық негізделген әдістермен қол жеткізу жолдары

    1) Коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін қысқарту жөніндегі міндетке халықтың экологиялық жауапкершілігі мен қаржылық сауаттылығын арттыру деңгейінде ғана қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа сату құрылымы өзгерген кезде қол жеткізуге болады (соның ішінде орауыш материалдар санының айтарлықтай төмендеуі, айналым контейнерлерін енгізу, салмақ тауарларын сату құрылымының өзгеруі) және өздігінен сатып алу азайған кезде халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру және халық қалдықтарды азайтуға ұмтылады. Бұған экология және жаратылыстану сабақтарында, қаржылық сауаттылықты арттыру сабақтарында және халық арасында қалдықтардың пайда болуын және саналы тұтынуды азайту бойынша экологиялық насихатты арттыру қажеттілігінде оқушыларды оқыту бағдарламаларын енгізу арқылы қол жеткізуге болады.

    2) «Пайда болу көзінде» қалдықтарды сұрыптауды ұлғайту жөніндегі міндетке қол жеткізу үшін коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу қажет. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 – «Техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығын ескере отырып, міндетті түрде бөлек жинауға жататын қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м. а. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 – «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы) коммуналдық қалдықтарды 2 фракцияға – «Құрғақ» және «Дымқыл» бөлуге арналған контейнерлік алаңдарды, сондай-ақ ірі габаритті қалдықтарды жинауға арналған алаңдарды жайластыру қажет. Қалдықтарды бөлек жинау бойынша халықпен түсіндіру және ақпараттық жұмысты ұйымдастыру қажет.

    3) Коммуналдық қалдықтар полигондары, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес, қалдықтардың пайдалы компоненттерін қосымша толық алу үшін, оларды кейіннен пайдалана отырып немесе қайталама шикізатты мүдделі өндірушілерге бере отырып, қосымша сұрыптау кешендерімен, шредерлермен және ұсақтау қондырғыларымен жарақтандырылуы тиіс. Бұл ретте қалдықтарды қолмен сұрыптау үлесін азайту қажет.

    4) органикалық қалдықтар (азық-түлікті қоса алғанда) кейіннен жағыла отырып, биогазды қордалауға немесе алуға бағытталуы тиіс. Жеткілікті техникалық-экономикалық негіздемемен және қолда бар техникалық мүмкіндіктермен органикалық, сондай-ақ сұрыптау мүмкін емес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мүмкін.

    5) Полигонның қажеттіліктері үшін инертті қалдықтарды (құрылыс қалдықтары, фаянс, керамика, күл қожы және басқалар) алдын ала өңдеуден (ұсақтаудан) кейін пайдалану.

    6) Егер қалдықтардың қалған бөлігін энергетикалық кәдеге жарату көзделмесе, ол Қазақстан Республикасының экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес ҚТҚ полигонына орналастырылуы (сақтауға) тиіс.

    7) Полигонның толтырылған карталары әзірленген рекультивация жобаларына сәйкес рекультивациялауға ұшырау тиіс.

    4-тарау. Бағдарламаның нысаналы көрсеткіштері

    Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып, бағдарламаның мынадай нысаналы көрсеткіштерін белгілеу ұсынылады.

    5-кесте Осакаров ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасының нысаналы көрсеткіштері.

    р/к №
    Көрсеткіштің атауы
    Өлшем Бірлігі
    Жоспарлы кезең
    Бастапқы мағынасы
    2024 жыл
    2025 жыл
    2026 жыл
    2027 жыл
    2028 жыл
    1.
    Балалар мен жасөспірімдерге тұрмыстық деңгейде ресурстарды үнемдеудің маңыздылығы туралы іс-шаралар әзірлеу және өткізу
    Семестрде 1 оқу орнына арналған іс-шара
    0
    2
    2
    2
    2
    2
    2.
    Жергілікті халықты «құрғақ» / «дымқыл» фракциялары бойынша «пайда болу көзінен» ҚТҚ бөлек жинауға арналған контейнерлері бар контейнерлік алаңдармен қамтамасыз ету.
    қамтылған халықтың %
    0
    -
    -
    40
    50
    60
    3.
    Биоқордалау немесе биогазға қайта өңдеу немесе энергетикалық кәдеге жарату арқылы ҚТҚ полигондарында органикалық және тамақ қалдықтарын кәдеге жарату
    органикалық және тамақ қалдықтарының жалпы көлемінің %
    0
    -
    5
    10
    15
    20
    4.
    Коммуналдық қалдықтардың және олардың құрамдас бөліктерінің стихиялық үйінділерін табу және жою
    анықталғандардан %
    90
    100
    100
    100
    100
    100
    5.
    Пайдалану және қайта өңдеуге беру арқылы қалдықтарды сақтауды азайту
    ағымдағы жылдың көрсеткіштерінен % қайта өңдеу
    0
    -
    -
    5
    10
    15
    6.
    Құрылыс қалдықтарын пайдалану
    пайда болудан %
    0
    -
    -
    -
    -
    10

    5-тарау. Негізгі бағыттар, қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары.

    Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін іс-шаралардың нақты бірізділігі мен уақтылы іске асырылуын құру қажет.

    Экологиялық ағарту және экологиялық мәдениетті арттыру мақсаттарына қол жеткізу үшін ресурстарды үнемдеу және «саналы тұтыну» қажеттілігін, қосымша қаптамадан бас тартуды және ұзақ мерзімді сапалы тауарлардың пайдасына таңдауды қамтитын әлеуметтік бағыттағы бейнероликтер жасау қажет. Бұл бейнероликтерді жергілікті телеарналарда негізгі хабар тарату арасында орналастыру, сондай-ақ әлеуметтік желілерді, жергілікті танымал жұртшылықты және жаңалықтар арналарын тарту қажет.

    Қосымша қалдықтардың пайда болуына жол бермеуді, сұрыптауды, сондай-ақ қоқысты таратуға жол бермеуді «ақылға қонымды тұтынуды» насихаттау міндетті түрде қосымша және мектептен тыс білім беру бағдарламасына енгізілуі тиіс. Осы тақырып бойынша іс-шаралар білім беру мекемелерінде тұрақты негізде ұйымдастырылуы тиіс.

    Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізу үшін жергілікті халықты 2 «құрғақ» және «дымқыл» фракцияларға арналған көзден қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлері бар контейнерлік алаңдармен қамтамасыз ету қажет.

    Жер учаскелерін ресімдей отырып, контейнерлік алаңдарды орналастыру схемаларын әзірлеу. Контейнерлік алаңдардың жобалары халық үшін қолжетімділікті және қалдықтарды шығаруға арналған арнайы техниканың ерекшеліктерін ескере отырып, тиеу жұмыстарын жүргізудің ыңғайлылығын ескеруі тиіс.

    Көппәтерлі тұрғын үй секторындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және уақытша сақтау алаңында контейнерлердің мынадай түрлері белгіленуі тиіс:

    Азық-түлік және органикалық қалдықтарды жинауға арналған «дымқыл» қалдықтар фракциясына арналған контейнерлер.

    «Құрғақ» фракцияға арналған контейнерлер-коммуналдық қалдықтардың ластанбаған пластикалық компоненттері, картон, қағаз, шыны және сынған айналар, металдар және осы құрамдас бөліктерден күрделі бұйымдар, сондай-ақ тоқыма.

    Жеке сектор тұрғындары үшін контейнерлік алаңдарды жайластыру күл қожын жинауға арналған қосымша резервуар / контейнер құрылғысымен жүргізілуі тиіс.

    Сондай-ақ ұйым жұмысының ерекшеліктерін және осы білім берушілерден қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын арнайы техниканың өлшемдерін және жеке сектор тұрғындары үшін коммуналдық қалдықтарды жинаудың ыңғайлылығын ескере отырып.

    Қауіптілігі 1-класты қалдықтар үшін (құрамында сынабы бар шамдар, батареялар) қолда бар контейнерлер пайдалануға берілсін, қажет болған жағдайда қосымша контейнерлер сатып алынсын. Жергілікті тұрғындарды контейнерлердің орналасқан жерін көрсете отырып, осы контейнерлердің жұмыс істеуі туралы үнемі хабардар ету.

    Осакаров ауданында арнайы қоқыс шығаратын ұйымдар болмағандықтан, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті техниканы ресімдеуге және сатып алуға ақшалай қаражат бөле отырып, гранттарды қарастыру қажет. «Жасыл Даму» АҚ-ның өнім (тауар) қалдықтарын кешенді басқарудың бірыңғай жүйесін құруға және осы қалдықтарды бизнесті кеңінен тарта отырып, қоқыс өңдеу саласын инфрақұрылымдық дамытуға жәрдемдесетін, «жасыл» технологияларды енгізуді

    іске асыратын қайталама шикізат ретінде айналымға тартуға ұсынылатын шарттарын қарастыру.

    Биологиялық ыдырайтын қалдықтармен проблеманы шешу үшін қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында азық-түлік және басқа да органикалық қалдықтарды (мысалы, ауыл шаруашылығы қалдықтары, көң) биоқордалауды немесе экологиялық талаптарды сақтай отырып, осындай қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды көздеу қажет.

    Құрылыс қалдықтарын қабылдау және кәдеге жарату үшін (оларды коммуналдық қалдықтар полигондарында орналастыруға экологиялық заңнамамен тыйым салынғандықтан) қосымша желілерді немесе қолданыстағы полигондарда немесе жаңа кәсіпорындарда қабылдау алаңдарымен, фракцияларға және қорытынды өнім қоймаларына бөлу үшін ұсатқыштармен және еектермен жарақтандырылған, кейіннен алынған материалдарды полигонның өз қажеттіліктеріне пайдалана отырып (пайдаланылған карталарды қабатты оқшаулау немесе қалпына келтіру кезінде) немесе үшінші тарап тұтынушыларына босату үшін қосымша желілерді жайластыру қажет.

    6-тарау. Қажетті ресурстар

    Бағдарламаны қаржыландыру көздері жергілікті бюджет, оның ішінде тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, өндірушілердің (импорттаушылардың) Кеңейтілген Міндеттемелерінің Операторы (оның банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде өндірушілер мен импорттаушылардан түскен қаражаттан) отандық, халықаралық қаржы экономикалық ұйымдарының немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің несиелері және қалдықтарды жинау және кәдеге жарату жөніндегі кәсіпорындар немесе қоғамдық ұйымдар тартуы мүмкін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер болуы мүмкін.

    7-тарау. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Қарағанды облысының Осакаров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

    6-кесте. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

    р/к №
    Іс-ша­ра­ның ата­уы
    Аяқ­та­лу ны­са­ны
    Орын­да­у­ға жа­у­ап­ты­лар
    Орын­дау мер­зі­мі
    Бо­лжам­ды шы­ғы­стар (мың тең­ге)/қо­сым­ша көз­дер (мың тең­ге) Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі
    Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі
    Іс-ша­ра­дан кү­ті­ле­тін эко­ло­ги­я­лық әсер*
    2024 жыл
    2025 жыл
    2026 жыл
    2027 жыл
    2028 жыл
    1
    Әле­умет­тік же­лі­лер­де, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да жа­ри­я­ла­ным­дар, бей­не­ро­лик­тер та­ра­ту ар­қы­лы қал­дық­тар­ды бө­лек жи­нау жүй­е­сі ту­ра­лы ха­лық­ты ха­бар­дар ету
    Эфир­лік анық­та­ма, жа­ри­я­ла­ным
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар
    2024
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    Ха­лық­тың эко­ло­ги­я­лық мә­де­ни­е­ті мен әле­умет­тік-эко­ло­ги­я­лық жа­у­ап­кер­ші­лік дең­гей­ін арт­ты­ру. Ақы­л­ға қо­ным­ды тұ­ты­ну­ды на­си­хат­тау және қал­дық­тар­ды дұ­рыс пай­да­лан­ба­ға­ны үшін жа­у­ап­кер­ші­лік ту­ра­лы ха­бар­дар ету
    2
    Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­тін кон­тей­нер­лік алаң­дар­ды жо­ба­лау бой­ын­ша қыз­мет­тер­ді са­тып алу­ға тен­дер ұй­ым­да­сты­ру
    Қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған шарт
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар
    2025
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    3
    Кон­тей­нер­лік алаң­дар­ды ор­на­ла­сты­ру схе­ма­ла­рын әзір­леу. Кон­тей­нер­лік алаң­дар үшін жер учас­ке­ле­рін ре­сім­деу.
    Ор­на­ла­сты­ру схе­ма­сы. Жер учас­ке­ле­ріне Акт
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар
    2025
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    4
    Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық нор­ма­лар­ға сәй­кес ке­ле­тін кон­тей­нер­лік алаң­дар­ды ор­на­ту
    Жұ­мыстар­ды қа­был­дау ак­ті­сі
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар
    2026
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    Ір­ге­лес аумақ­тар­дың са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық жағ­дай­ын жақ­сар­ту
    5
    ҚТҚ қал­дық­та­рын, сон­дай-ақ күл қо­жын және қа­уіп­ті­лі­гі 1-кла­сты қал­дық­тар­ды бө­лек жи­на­у­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер­ді са­тып алу
    Жұ­мыстар­ды қа­был­дау ак­ті­сі
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар
    2026
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    ҚТҚ қал­дық­та­рын сұ­рып­тау, қай­та өң­деу үле­сін ұл­ғай­ту. Сақ­та­удың тө­мен­де­уі.
    6
    Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған қо­қыс шы­ға­ру тех­ни­ка­сын са­тып алу
    Пай­да­ла­ну­ға бе­ру ак­ті­сі
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар. Бас­қа­ру­шы ұй­ым
    2026-2028
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    Ти­еу және та­сы­мал­дау ке­зін­де қал­дық­тар­дың та­ра­луын азай­ту.
    7
    Құ­ры­лыс қал­дық­та­рын құ­рай­тын ұсақ­тау және сұ­рып­тау жаб­дық­та­рын са­тып алу
    Пай­да­ла­ну­ға бе­ру ак­ті­сі
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар. Бас­қа­ру­шы ұй­ым
    2027-2028
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    Құ­ры­лыс қал­дық­та­рын қай­та­ла­ма ши­кі­зат ре­т­ін­де пай­да­ла­ну­ға дай­ын­дау
    8
    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар по­ли­гон­да­рын­да та­мақ және бас­қа да ор­га­ни­ка­лық қал­дық­тар­ды кә­де­ге жа­ра­ту тех­но­ло­ги­я­сын таң­дау және ен­гі­зу
    Пай­да­ла­ну­ға бе­ру ак­ті­сі
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар. Бас­қа­ру­шы ұй­ым
    2025-2027
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    Пар­ник­тік га­з­дар­ды азай­ту. Үй­ін­ді га­зы­ның кон­цен­тра­ци­я­сы­ның тө­мен­де­уі.
    9
    Қа­уіп­ті­лі­гі 1-кла­сты қал­дық­тар­ды жи­на­у­ға ар­нал­ған бар кон­тей­нер­лер­ді жөн­деу және ор­на­ту
    Пай­да­ла­ну­ға бе­ру ак­ті­сі
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар
    2025
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    Ат­мо­сфе­ра­лық ауа мен жер жа­мы­л­ғы­сы­ның ла­ста­нуы­ның ал­дын алу.
    10
    Қа­уіп­ті­лі­гі 1-кла­сты қал­дық­тар­ды жи­на­у­ға және та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған кон­тей­нер­лер­ге қыз­мет көр­се­ту­ге ар­найы рұқ­са­ты бар ком­па­ни­я­мен шарт жа­са­су
    Қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған шарт
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар. Бас­қа­ру­шы ұй­ым
    2025
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    Ат­мо­сфе­ра­лық ауа мен жер жа­мы­л­ғы­сы­ның ла­ста­нуы­ның ал­дын алу.
    11
    Тұр­мыстық қат­ты қал­дық­тар­ды жи­на­уды, та­сы­мал­да­уды, сұ­рып­та­уды және кө­му­ді жү­зе­ге асы­ру­ға эко­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық заң­на­ма­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­мен шарт жа­са­су.
    Қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған шарт
    Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар. Бас­қа­ру­шы ұй­ым
    2026-2027
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    12
    Ха­лық үшін жи­на­у­ға, та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған та­риф­ті әзір­леу және бе­кі­ту, тұр­мыстық қат­ты қал­дық­тар­ды сұ­рып­тау және кө­му
    Мәс­ли­хат­тың та­риф­ті бе­кі­ту ту­ра­лы ше­ші­мі
    Аудан әкім­ді­гі
    2025-2026
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Бюд­жет­тік өті­нім­ге сәй­кес
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.