Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 маусым 2024 ж.

    Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңына сәйкес, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жәнібек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) Жәнібек аудандық мәслихатының «Жәнібек ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 28 мамырдағы №21-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5224 болып тіркелген) шешімі;

    2) Жәнібек аудандық мәслихатының «Жәнібек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 21-7 «Жәнібек ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы 22 ақпандағы №15-3 шешімі.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Т. Кадимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.