Шектеу шараларын алу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 маусым 2024 ж.

    Шектеу шараларын алу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 08-02-07/207 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

    1. Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округі, Батырата елді мекені, Жандосов көшесі № 3 бойында ірі қара мал арасында «құтыру» ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты белгіленген шектеу шаралары алынып тасталсын.

    2. Қараспан ауылдық округі әкімінің «Шектеу шараларын белгілеу туралы» 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 33 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ауыл округі әкімі

    Н.Умаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.