Байғанин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 160 «Байғанин ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 маусым 2024 ж.

    Байғанин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 160 «Байғанин ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Байғанин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 160 «Байғанин ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4278 болып тіркелген) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің атауы мен 1 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

    «Байғанин ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы»;

    «1. Байғанин ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Сержан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.