Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақмола облысы Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 7 «Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауыл аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына және Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 3 маусыдағы № 01-28-420 ұсынысы негізінде, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Ақмола облысы Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің әкімінің «Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауыл аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2023 жылғы 5 маусымдағы № 7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мариновка ауылдық округінің әкімі
Е.Мухамедьянов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.