«Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 15-2/509 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 15-2/509 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 15-2/509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11638 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:

    3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    3-та­рау. Фо­то- және бей­не­тір­ке­у­ге ар­нал­ған ма­те­ри­ал­дық құ­рал­дар, тех­ни­ка­лық құ­рал­дар
    52
    Бей­не­тір­ке­уіш
    да­на
    1
    7 жыл
    Өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау жүр­гі­зу ке­зін­де
    Өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның об­лы­стық, қа­ла­лық, аудан­дық аумақ­тық ин­спек­ци­я­ла­ры және фи­то­са­ни­та­ри­я­лық ба­қы­лау бе­кет­те­рі
    Пор­та­тив­тік бей­не­тір­ке­уіш – сыр­ға­на­май­тын жа­бы­ны бар соқ­қы­ға тө­зім­ді кор­пус; кең бұ­ры­шты объ­ек­тив; ин­фра­қы­зыл LED жа­рық­тан­дыр­ғыш, ла­зер­лі ны­са­на көр­сет­кіш, IR-түн­гі кө­ру.
    53
    План­шет­тік ком­пью­тер
    да­на
    1
    3 жыл
    Ан­дро­ид 7.1-ден ескі емес нұс­қа, про­цес­со­ры ке­мін­де 8 яд­ро, же­дел жадысы ке­мін­де 3 ги­га­байт, сый­ым­ды­лы­ғы са­ға­ты­на 4 450 мил­ли­ам­пер­ден кем емес ал­ма­лы-сал­ма­лы ак­ку­му­ля­тор, жиын­тық­та сти­лу­сы бар.
    54
    Де­ректер­ді ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған сақ­та­у­ға ар­нал­ған сер­вер­лер
    да­на
    1
    3 жыл
    DS-MH2111, DS-H2211 қо­сы­ла­тын пор­та­тив­ті ка­ме­ра­лар. Ма­те­ри­а­лы: ме­талл.
    55
    Бей­не­ка­ме­ра (бей­не­ба­қы­лау жүй­е­сі үшін)
    да­на
    1
    3 жыл
    Ка­ме­ра: 1/3 CMOS мат­ри­ца­сы, кө­ру бұ­ры­шы ке­мін­де 110 гра­дус. Бейне па­ра­метр­ле­рі: Бейне кі­рі­сі ке­мін­де 1080 пик­сель. Жа­ды сақ­тау кі­рік­ті­рі­л­ген чип, кем де­ген­де 32 ге­га­байт. Wi-Fi-ға қо­сы­ла­тын кі­рі­сті­рі­л­ген GPS мо­ду­лі. Ба­та­ре­я­сы ал­ма­лы-сал­ма­лы, 1650 ми­ли­ам­пер-са­ғат ажы­ра­тым­ды­лы­ғы 1080 пик­сель­мен (4 са­ғат жа­за­ды).
    56
    Пи­лот­сыз ұшу ап­па­ра­ты (дрон)
    да­на
    1
    3 жыл
    Кі­рік­ті­рі­л­ген жадысы ке­мін­де 1 те­ра­байт бо­ла­тын ұш­қыш­сыз ұшу ап­па­ра­ты. Сиг­нал­дың әре­кет ету ра­ди­у­сы ке­мін­де 15 км. Ак­ку­му­ля­тор­дан жұ­мыс іс­теу уа­қы­ты кем де­ген­де 40 ми­нут. Жи­і­лік­тің оп­ти­ка­лық ұл­ға­юы ке­мін­де – 7х. Бей­не­тү­сі­рі­лім­нің мак­си­мал­ды ажы­ра­тым­ды­лы­ғы ке­мін­де 4К (3840*2160), жел жыл­дамды­ғы­ның мак­си­мал­ды ке­дер­гі­сі ке­мін­де – 12 м/с. Мак­си­мал­ды ұшу қа­шық­тығы ке­мін­де 30 км. Жиын­тық­та: ке­мін­де 3 да­на, 5 000 мАч кем емес алын­ба­лы ак­ку­му­ля­тор­лық ба­та­рея, ак­ку­му­ля­тор­лық ба­та­ре­я­лар­ды за­ряд­та­у­ға ар­нал­ған кон­цен­тра­тор (за­ряд­та­ғыш).
    ».
    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы

    А. Сұлтанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.