«Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 489 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 мамыр 2024 ж.

    «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 489 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 489 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1650 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласы мәслихатының төрағасы

    М. Отыншиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.