Шектеу іс-шараларын алу және Көлтабан ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 2 шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 маусым 2024 ж.

    Шектеу іс-шараларын алу және Көлтабан ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 2 шешімінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 02-08-03/110 ұсынысы негізінде Көлтабан ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі Жарлы ауылының Астана көшесі, Ардагерлер көшесі, Майтүбек көшесі, Желтоқсан көшесі, Ұстаздар көшесі, Бейбітшілік көшесі, Ж. Есенбаев көшесі, 1 - Мамыр көшесі, Наурыз көшесі, Ынтымақ көшесі, Қ. Боқанов көшесі, Болатжолы көшесіндегі тұрғындардың жеке мал қоралары орналасқан аумақтарында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

    2. Көлтабан ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Көлтабан ауылдық округінің әкімі

    С. Бітімбай

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.