Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы № 10/2-VII «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 мамыр 2024 ж.

           Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы № 10/2-VII «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы № 10/2-VII «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26844 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасында:

    2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі-оқуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді.»;

    4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасында көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;

    6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «6. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Шығындарды өндіріп алу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.»;

    7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «7. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға оқу жылы ішінде ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткішке тең.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

    Риддер қалалық мәслихатының төрағасы

    Е. Нужных

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.