2024 жылға арналған Риддер қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 мамыр 2024 ж.

    2024 жылға арналған Риддер қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 7-1-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелді), Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Риддер қаласы бойынша 2024 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристік орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

    2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Риддер қалалық мәслихатының төрағасы

    Е. Нужных

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.