«Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 187 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 маусым 2024 ж.

    «Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 187 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 187 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:

    «

    2.
    Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар жал­пы­ға ор­тақ пай­да­ла­ны­ла­тын ав­то­мо­биль жол­да­рын қал­пы­на кел­ті­ру жө­нін­де­гі ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба
    951542362 857 тең­ге
    2024 – 2033 жыл­дар
    450000000000 тең­ге­ге дей­ін (1000000000 АҚШ дол­ла­ры­на дей­ін ба­ла­ма)
    «Қа­зАв­то­Жол» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
    «Қа­зақ­стан­ның Да­му Бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
    ».
    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.