Тексерудің басталуы, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 маусым 2024 ж.

    Тексерудің басталуы, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 58-3 - бабы 5 - тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса берілген:

    1) осы бұйрықтың 1 - қосымшасы на сәйкес, тексерудің басталуы туралы хабарламаның нысаны;

    2) осы бұйрықтың 2 - қосымшасы на сәйкес, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаның нысаны;

    3) осы бұйрықтың 3 - қосымшасы на сәйкес, тексеру мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның нысаны;

    4) осы бұйрықтың 4 - қосымшасы на сәйкес, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламаның нысаны;

    5) осы бұйрықтың 5 - қосымшасы на сәйкес, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың нысаны;

    6) осы бұйрықтың 6 - қосымшасы на сәйкес, тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысаны бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2024 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушы

    С. Муксимов

    Қазақстан Республикасының

    Мемлекеттік қызмет істері

    агенттігі төрағасының

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 5 маусымдағы

    № 90 Бұйрығына

    1 – қосымша

    Нысан

    Тексерілетін мемлекеттік

    органның атауы

    Тексерудің басталуы туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 58-3 - бабы 1 - тармағына сәйкес, мемлекеттік органымен мемлекеттік қызмет/ қызметтік әдеп саласындағы заңнама талаптарын сақталуына байланысты _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (тексеру жүргізудің негізі) жоспарлы/жоспардан тыс тексеру жүргізілетіндігі туралы _____________________________________________________________________ (тексерілетін мемлекеттік органның атауы) хабарлайды.

    Тексеруді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің/ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамымен (адамдары) келесі құрамда жүргізіледі: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы)

    Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және оның қолы: ______________________________________________________

    орындаушы:____ телефон:________

    Бұйрығына 2 – қосымша

    Нысан

    Тексерілетін мемлекеттік

    органның атауы

    Тексеру мерзімдерді ұзарту туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 58-3 - бабы 3 - тармағына сәйкес, _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (тексеру жүргізудің негізі) негізде жүргізілетін тексеру мерзімдері 20__ жылғы «___» ___ дейін ұзартылатын __________________________________________________________ (тексерілетін мемлекеттік органның атауы) хабарлайды.

    Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және оның қолы: ______________________________________________________

    орындаушы:____ телефон:________

    Бұйрығына 3 – қосымша

    Нысан

    Тексерілетін мемлекеттік

    органның атауы

    Тексеру мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 58-3 - бабы 3 және 4 - тармақтарына сәйкес, _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (тексеру жүргізудің негізі) негізінде жүргізілетін тексеру, 20__ жылдың «___» ____ бастап тоқтатылатынын/ қайта басталатынын _____________________________________________________________________ (тексерілетін мемлекеттік органның атауы) хабарлайды.

    Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және оның қолы: ______________________________________________________

    орындаушы:____ телефон:________

    Бұйрығына 4 – қосымша

    Нысан

    Тексерілетін мемлекеттік

    органның атауы

    Тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 58-3 - бабы 3 - тармағына сәйкес, _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (тексеру жүргізудің негізі) негізінде тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы өзгергенін ________________________________________________________________ (тексерілетін мемлекеттік органның атауы) хабарлайды.

    Тексеруші лауазымды адамдардың құрамына келесі өзгерістер енгізілді: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (тексеруші адамдардың құрамына енгізілген не оның құрамынан шығарылған лауазымды адамдар туралы мәліметтер)

    Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және оның қолы: ______________________________________________________

    орындаушы:____ телефон:________

    Бұйрығына 5 – қосымша

    Нысан

    Тексеру нәтижелері туралы анықтама №________________

    ____________________ "___" _________ 20__ жыл (Жасау орны) (күні)

    1. Тексеру жүргізген мемлекеттік органның атауы:____________________________________________________________

    2. Тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы:____________________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    3. Тексерілетін мемлекеттік органның атауы және оның орналасқан жерінің мекенжайы, ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    4. Тексеру жүргізу үшін негіздеме:

    __________________________________________________________________

    5. Тексеру жүргізу

    мерзімі:_____________________________________________

    6. Тексеру нысанасы:__________________________________________________ (тексеруге жататын мемлекеттік қызмет/қызметтік әдеп саласындағы заңнаманың талаптары)

    7. Тексеру нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер:___________________________________________________________

    ______________________________________________________________________

    8. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы: _____________________________________________________________________

    9. Тексеру жүргізу үшін тартылған мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар маманының (дарының), консультантының (тарының) және сарапшысының (ларының) қолы (болған жағдайда): ________________________

    _____________________________________________________________________

    10. Тексерілетін мемлекеттік орган өкілінің анықтамасымен танысу немесе танысудан бас тарту туралы мәліметтер, оның қолы немесе қол қоюдан бас тарту

    _____________________________________________________________________

    11. Тексеру нәтижелеріне ескертулер және (немесе) қарсылықтар Қосымша «___» парақтарда.

    Тексеру нәтижелері туралы анықтаманың бір данасын тапсыру туралы мәліметтер:_________________________________________________________

    Бұйрығына 6 – қосымша

    Нысан

    Тексерілетін мемлекеттік

    органның атауы

    Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесі _________________________________________________________ __________________________________________________________________ (тексеру жүргізудің негізі)

    негізінде ____________________________________________________________ (тексерілетін мемлекеттік органның атауы)

    жоспарлы/жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша заңнаманың келесі бұзушылықтары анықталды: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________

    Жоғарыдағыны ескере отырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 5 - бабы 2 - тармағының 17) тармақшасы және 58-3 - бабы 5-тармағының негізінде,

    ҰСЫНАМЫН:

    Осы ұсынуды қарастыру және бұзушылықтарды жою бойынша келесі шараларды қабылдау:

    1.______________________________________________________________

    2.______________________________________________________________

    Қабылданған шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне/ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесіне заңда белгіленген мерзімде ұсынуды сұраймыз.

    Ұсынуды енгізуге уәкілетті лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және оның қолы: __________________________________________

    орындаушы:_____ телефон:________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.