Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 03 маусымдағы 09-02-02/199 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округінің әкімі, ШЕШТІ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Старобелка ауылының, Бірлік ауылдық округінің, Школьная көшесінің 7/2 үйінің аумағында құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округінің әкімі

    А.Әржікеев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.