«Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 маусым 2024 ж.

    «Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:

    реттік нөмірлері 206, 665-жолдар алып тасталсын;

    мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 61-1, 61-2, 61-3, 61-4, 61-5-жолдармен толықтырылсын:

    «

    61-1.
    Мүрделітөбе обалы қорымы (I-VI ғғ.)
    археология
    Абай ауылынан 700 метр батыс бағытта орналасқан
    61-2.
    Бөбек обасы (ерте темір дәуірі)
    археология
    Көктал ауылынан солтүстік-батыс бағытта 4,5 шақырым қашықтықта орналасқан
    61-3.
    Оба (ерте темір дәуірі)
    археология
    Жібек жолы ауылының солтүстік-батысында 1 шақырым қашықтықта, Базарбай ауылына барар тас жолдың сол жағында орналасқан
    61-4.
    Мәмбеттөбе обалары (ерте темір дәуірі)
    археология
    Абай ауылынан 2 шақырым оңтүстік-шығыс бағытта, ауыл жолынан 20 метр қашықтықта орналасқан
    61-5.
    Төрткүл (IX-XII ғғ.)
    археология
    Ақжар ауылының солтүстік-батысында 8,5 шақырым қашықтықта орналасқан
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 348-1-жолмен толықтырылсын:
    «
    348-1.
    Жауғаш батыр ескерткіші 2006 жыл
    монументтік өнер құрылысы
    Меркі ауылы, Ә. Исмаилов көшесі, № 167А үйде орналасқан
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 712, 713, 714, 715, 716, 717-жолдармен толықтырылсын:
    «
    712.
    Төле би ескерткіші 2013 жыл
    монументтік өнер құрылысы
    Төле би даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан
    713.
    «Қазақ хандығына 550 жыл» монументі 2015 жыл
    монументтік өнер құрылысы
    Тәуке хан көшесінің бойында орналасқан
    714.
    «Әулиеата» ескерткіші 2019 жыл
    монументтік өнер құрылысы
    Ә. Жангелдин көшесінде «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде орналасқан
    715.
    «Biz birgemiz» монументі 2020 жыл
    монументтік өнер құрылысы
    Жамбыл даңғылы бойында орналасқан
    716.
    «Қазақ халқына мың алғыс» монументі 2020 жыл
    монументтік өнер құрылысы
    Төле би даңғылы мен Сыпатай батыр көшесінің қиылысында орналасқан
    717.
    Ерте ислам дәуірінің мешіті (IX-XII ғғ.) және Керуен сарайы (VIII-XII ғғ.)
    археология
    Төле би даңғылы № 35а үйде орналасқан
    ».
    2. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
    2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жамбыл облысының әкімі

    Е. Карашукеев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.