Глубокое ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 маусым 2024 ж.

    Глубокое ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 365 – бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Глубокое ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы

    А. Калигожин

    Глубокое аудандық мәслихатының

    2024 жылғы 5 маусымдағы

    № 12/7-VIIІ шешіміне

    қосымша

    Глубокое ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Атауы
    Есептік бірлік
    Тариф (ҚҚС құнын қоспағанда) (теңге)
    Абаттандырылған және абаттандырылмаған үйлер
    айына 1 тұрғыннан
    535,72

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.