Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 196 «Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 мамыр 2024 ж.

    Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 196 «Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 196 «Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6462 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ырғыз ауданының әкімі

    Н. Қызбергенов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Ырғыз аудандық мәслихат

    төрағасы

    Ырғыз ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы 29 мамырдағы

    № 76 қаулысына қосымша

    Ырғыз ауданы әкiмдiгiнiң

    2019 жылғы «15» қарашадағы

    № 196 қаулысына қосымша

    Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

    Лауазымдардың атауы
    Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары
    1
    ММ және МКҚ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер
    Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары
    2
    Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)
    3
    Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)
    4
    Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік жетекшісі
    5
    Аудандық маңызы бар ММ және МҚК сектор басшысы
    6
    Аудандық маңызы бар ММ және МҚК кітапхана меңгерушісі (басшысы)
    7
    ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы мамандар: барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы
    8
    ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиогроф, кітапханашы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, режиссер, хореограф, музыкалық әрлеуші, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметкер)
    9
    ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санаттағы мамандар: библиогроф, кітапханашы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы
    10
    ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметкер)
    Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    ММ – мемлекеттік мекеме
    МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.