Түркістан облысы аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 мамыр 2024 ж.

    Түркістан облысы аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер дүниесі туралы» Заңының 11-бабы 6) тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Түркістан облысы аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына, олардың табиғи популяциясын қалпына келтіру үшін, жалаңаш қызыл мияға 5 (бес) жыл және сасық кеурекке 8 (сегіз) жыл мерзімдерге шектеу (тоқтата тұру) белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Түркістан облысының әкімі

    Д. Сатыбалды

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.