Көкшетау қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылы 14 шілдедегі № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристiк жарнаның мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы
Д.Акимов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.