Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 мамыр 2024 ж.

    Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) Сырым аудандық мәслихатының «Сырым ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 8 маусымдағы №27-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5245 болып тіркелген) шешімі;

    2) Сырым аудандық мәслихатының «Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы №27-1 «Сырым ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 5 қарашадағы № 10-6 шешімі.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сырым аудандық мәслихат төрағасы

    Ш. Дуйсенгалиева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.