Зайсан ауданы бойынша 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 мамыр 2024 ж.

    Зайсан ауданы бойынша 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемелекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Зайсан ауданында 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі аудандағы хостелдерді, қонақ жайларды жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан – 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Е. Загипаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.