Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 мамыр 2024 ж.

    Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №27-18/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31535 болып тіркелген);

    2) «Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №27-18/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 01-03/VIІІ-14-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8933-16 болып тіркелген).

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Е. Загипаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.