Бейнеу ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 283 «Бейнеу ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 сәуір 2024 ж.

    Бейнеу ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 283 «Бейнеу ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және «Маңғыстау обылысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 26 наурыздағы №11-11-373 хатына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:          

    1. Бейнеу ауданының әкімдігінің «Бейнеу ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2023 жылғы 20 қазандағы №283 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Бейнеу ауданының әкімі

    Р.Шалбаев

    Бейнеу ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы « 29 » сәуірдегі

    №118 қаулысына қосымша

    Бейнеу ауданы әкімдігінің

    2023 жылғы «20» қазандағы

    №283 қаулысына қосымша

    Бейнеу ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

    Р/с
    Кәсіпорындардың атауы
    Таза кіріс мөлшері
    Аударылуға жататын таза кіріс сомасы
    1.
    2.
    3.
    «Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бейнеусусервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
    Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бейнеуэнергосервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
    Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеумәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
    таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
    таза кіріс сомасынан 5 пайыз
    таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
    150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
    таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
    4 850 000 теңге + 50 000 000 мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
    таза табыс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
    34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз
    2. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың игілігінде қалған таза кіріс бөліктері кәсіпорынды дамытуға, мемлекеттік басқару органымен келісілген нақты жобаларға жіберілсін».

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.