Ақкөл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 31, 37-баптарына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауданының әкімі
Б.Абдрахманов
Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы
С.Абаханов
Бірлескен Ақкөл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 29 мамырдағы
№ А-5/126 қаулысына және
Ақкөл аудандық мәслихатының
2024 жылғы 29 мамырдағы
№ С 22-6 шешіміне қосымша
Ақкөл ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
|
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар
|
Оның ішінде
|
|||
|
егістік
|
оның ішінде суармалы
|
шабындықтар
|
жайылымдар
|
|
|
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін
|
||||
|
5 850
|
2 550
|
-
|
300
|
3 000
|
|
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
|
||||
|
27 300
|
17 000
|
-
|
300
|
10 000
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.