«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 мамыр 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.»;

    13-тармақта:

    3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Арнаулы мемлекеттік қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің бюджеттерінің арасындағы түсімдердің бөлінуін қамтамасыз ету;»;

    15-тармақта:

    9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «9) түсімдерді әртүрлі деңгейлердегі бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, арнаулы мемлекеттік қорына және ЕАЭО мүше мемлекеттерге бюджеттерінің бөлу нормативтерін ҚБАЖ-да жүргізу;»;

    12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «12) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджеттерінің арасында бөлу, кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке алу;»;

    53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «53) мемлекеттiк мекемелер ұсынатын қаржылық құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігіне ағымдағы бақылау;»;

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарының тізбесінде:

    мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:

    «43-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Алатау қаласы бойынша қазынашылық басқармасы.»;

    мынадай мазмұндағы 62-1 және 62-2-тармақтармен толықтырылсын:

    «62-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.

    62-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Марқакөл ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.»;

    мынадай мазмұндағы 201-1-тармақпен толықтырылсын:

    «201-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Абай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мақаншы ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.»;

    208-тармақ алынып тасталсын;

    209-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «209. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті.».

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Тәкиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.