Мал ауруына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 мамыр 2024 ж.

    Мал ауруына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпанындағы «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» №7-1/86 бұйрығының 2 тармағы 5 тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалы ветеринариялық зертхананың 2024 жылдың 17 мамырындағы №SO-24-M09(16)-0762A-D сынақ хаттамасына сәйкес, бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларын бекіту туралы» №7-1/587 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекеме басшысының 23.05.2024 жылғы №18-1/114 санды ҰСЫНЫСЫ негізінде:

    1. Шет ауданы Нұраталды ауылдық округінің Шопа ауылында «Бруцеллез» ауруының анықталуына байланысты індеттен сауықтыру мақсатында, ветеринариялық іс-шаралар толығымен атқырылған уақытқа дейін Шет ауданы Нұраталды ауылдық округінің Шопа ауылына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалысын қадағалау өзіме жүктелсін.

    Қосымша: 2024 жылғы сараптама актісі №SO-24-M09(16)-0762A-D.

    Е.К.Кутышев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.