Мал ауруына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 мамыр 2024 ж.

    Мал ауруына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпанындағы «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» №7-1/86 бұйрығының 2 тармағы 5 тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалы ветеринариялық зертхананың 2024 жылдың 17 мамырындағы №SO-24-M09(22)-0789-А-D сынақ хаттамасына сәйкес, бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларын бекіту туралы» №7-1/587 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы «ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекеме басшысының 23.05.2024 жылғы №18-1/113 санды ҰСЫНЫСЫнегізінде:

    1. Шет ауданы Көктіңкөлі ауылдық округінде «Бруцеллез» ауруының анықталуына байланысты індеттен сауықтыру мақсатында, ветеринарлық іс-шаралар толығымен атқарылған уақытқа дейін Шет ауданы Көктіңкөлі ауылдық округінің Көктіңкөлі орталығына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалысын қадағалау өзіме жүктелсін.

    Қосымша: 2024 жылғы сараптама актісі №SO-24-M09(22)-0789-А-D.

    Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі:

    Қ.Т. Қоршабеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.