Босаға ауылдық округінің Босаға ауылы орталығының аумағына шектеу шараларын белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 мамыр 2024 ж.

    Босаға ауылдық округінің Босаға ауылы орталығының аумағына шектеу шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы «Шектеу шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» №7-1/86 бұйрығының 2 тармағы 5 тармақшасы негізінде және 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринария (ветеринариялық – санитариялық) қағидаларын басшылықа ала отырып және 2024 жылғы 23 мамырдағы №18-1/112 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шет аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің ұсынысы негізінде Босаға ауылдық округінің әкімі, ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Қарағанды облысы Шет ауданы Босаға ауылдық округінің Босаға ауылы орталығының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    К.Рахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.